Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Қапшағай Бидай өнімдері» Қытайға алғашқы экспорттық жөнелтілімін дайындап жатыр

Алматы облысында ауыл шаруашылығы саласында ірі жобалардың бірі жүзеге асырылуда. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров өңірге жасаған жұмыс сапары барысында «Қапшағай Бидай өнімдері» дәнді дақылдарды өңдеу кешенін толық қайта жаңғыртуға бағытталған ауқымды инвестициялық жобаның барысымен танысты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2025
Аймақ, Алматы облысы

2024–2026 жылдарға жоспарланған, құны 12 млрд теңгеден асатын жоба бірнеше маңызды өндіріс нысандарын қамтиды. Оның ішінде:

  • бір мезетте 100 мың тонна астық сақтайтын элеваторды жаңғырту,

  • тәулігіне 400 тонна шикізат өңдейтін май сығу зауытын іске қосу,

  • тәулігіне 2 500 тонна астық өңдеу қуатындағы құрама жем зауытын салу,

  • тәулігіне 300 тонна өнім өндіретін ұн комбинатын жаңарту жоспарланған.

Қазіргі таңда элеваторды жаңғырту және 1000 контейнерге арналған сақтау терминалының құрылысы аяқталуға жақын. Құрамажем зауытының алғашқы кезеңі іске қосылуда. Сонымен қатар 6,5 мың шаршы метр қоймалар салынып, ұзындығы 5,9 шақырым болатын теміржол желілері толық жаңартылды.
Қазіргі уақытта ұн тарту және май өңдеу цехтарының жабдықтарын орнату жұмыстары жүргізілуде.

Жобалық қуатқа шыққаннан кейінгі өндіріс көлемі

Кешен толық қуатында жұмыс істей бастаған соң жыл сайын:

  • 840 мың тонна құрамажем,

  • 59 мың тонна жоғары сұрыпты ұн,

  • 31 мың тонна бидай кебегі,

  • 54,6 мың тонна өсімдік майы,

  • 61,6 мың тонна күнжара,

  • 17,5 мың тонна түйіршіктелген қауыз өндіріледі.

Бұл көрсеткіштер ішкі нарықты қамтамасыз етіп қана қоймай, экспорттық әлеуетті де арттыруға жол ашады.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жобаның ел экономикасы үшін маңызын атап өтті:

«“Қапшағай Бидай өнімдері” жобасы – қайта өңдеу қуаттарын жаңғырту мен экспортты ұлғайтудың ауыл шаруашылығын және жалпы ел экономикасын дамытуға қалай ықпал ететінінің жарқын дәлелі. Қытайға алғашқы өнім топтамасын жөнелту Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің жоғары әлеуетін айқын көрсетеді. Біз ел ішінде қайта өңдеуді арттырып, қосылған құн қалыптастыратын жобаларды әрдайым қолдайтын боламыз», – деді министр.

Бүгінде кәсіпорында Қытайға экспортталатын алғашқы өнім партиясы дайындалуда. Бұл қадам Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтудың маңызды кезеңі болмақ.

Компанияның жоспарына сәйкес, алдағы бес жылда жақын шетелдерге 2 миллион тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімін экспорттау көзделген.

Бұл жоба өңірлік өндірісті дамытып қана қоймай, Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтуге және елдің агроөнеркәсіптік кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға зор үлес қоспақ.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстанҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz