Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қанат Бозымбаев Alatau City жобасының даму барысымен танысты

Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Алматы облысына жасаған жұмыс сапары аясында Alatau City мегажобасының төрт негізгі аймағында – Gate, Golden, Growing және Green District – құрылысқа дайындық барысын тексеріп, бірқатар тапсырмалар берді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2025
Аймақ, Алматы облысы

Gate District Өтеген батыр, Покровка, Қоянқұс, Ынтымақ және Жаңалық елді мекендерінің арасында орналасқан. Мұнда PepsiCo, Caspian Group, Алматы желдеткіш зауыты сияқты ірі инвесторлардың жобалары жүзеге асырылуда.

Ауданның басты нысаны – Iconic Building-1 халықаралық бизнес орталығы. Қанат Бозымбаев МПС, облыс әкімдігі және инвесторларға бұл ғимараттың құрылысын жеделдетуді тапсырды. Оның айтуынша, бұл нысан Alatau City жобасының ресми басталғанының символына айналмақ.

Golden District Кіші Алматы және Қаскелең өзендерінің арасындағы тасжол бойында орналасқан. Бұл аймақ ғылым, білім және медицина орталығы ретінде дамытылады. Мұнда:

K-Park мәдени-бизнес кешені,

халықаралық білім беру орталығы,

заманауи академқалашық,

көпсалалы медициналық кластер бой көтереді.

Сонымен қатар Hyundai Green Food Almaty және Mars сияқты әлемдік компаниялардың жобалары іске асырылуы жоспарланған.

Growing District Алматы – Қапшағай автожолы бойында және Жетіген – Қазыбек теміржол желісінің маңында орналасады. Бұл аймақ экспортқа бағытталған өндірістік және логистикалық орталық ретінде дамытылады.

Көлік дәліздерінің тоғысында орналасуы және әуежайға жақындығы экологиялық таза өндірістерді дамытуға ерекше мүмкіндік береді.
Қанат Бозымбаев бұл жерде халықаралық Rhenus Logistics компаниясының басшылығымен кездесіп, Алатауда көлік-өндірістік хаб құрудағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Аумағы 31 730 гектарды құрайтын Green District Қапшағай су қоймасымен, Қаскелең өзенімен және Қонаев қаласымен шектеседі.
Мұнда курорттық аймақтар мен саябақтар салынып, болашақта:

Формула-1 жарыс тасжолы,

Iconic Building-2 туристік орталығы бой көтереді.

Бұл аймақ Алматы агломерациясының басты туристік және демалыс орталығына айналмақ.

Жұмыс сапары аясында Қанат Бозымбаев министрліктер, инвесторлар, кәсіпкерлер және халықаралық сарапшылар қатысқан Жобалық кеңсе отырысын өткізді.
Кеңесте келесі мәселелер қаралды:

отандық және шетелдік инвестицияларды қорғау,

келісімшарттардың тұрақтылығын қамтамасыз ету,

Қытайдың CRDI компаниясымен бірлескен кеңес беру тетіктері,

Алатау қаласының даму кеңесін құру және Alatau City Authority мемлекеттік қорының Жарғысын бекіту.

Сонымен бірге Мемлекет басшысының Алатау қаласын дамыту жөніндегі Жарлығының орындалу барысы және «Алатау қаласының арнайы мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасының дайындығы да талқыланды.

Кездесу қорытындысында Қанат Бозымбаев жауапты мемлекеттік органдарға Алатау қаласын дамытуда кешенді тәсіл қолдануды және тиімді үйлестіруді қамтамасыз етуді тапсырды.

Бұл мегажоба – Алматы агломерациясын дамытудың жаңа кезеңі ғана емес, еліміздің урбанистік және экономикалық өркендеуіне серпін беретін стратегиялық бастама болмақ.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz