Елдің түкпір-түкпірінен келген ең үздік оқушылар бақ сынаған білім бәйгесінде Алматы облысының атынан қатысқан «Арыстан» мамандандырылған лицейінің 11-сынып оқушысы Нұржан Өтешқалиев жүлделі II орынға ие болды.
Өтешқалиевтің бұл жетістігі — оның жауапкершілігі мен алғырлығының, үздіксіз еңбегінің, сондай-ақ ұстаздарының кәсіби дайындығының нәтижесі.
Алматы облысының Білім басқармасы жас дарынды арнайы құттықтап, оның алдағы уақытта да білім мен ғылым саласында биік белестерді бағындыруына тілектестік білдірді.
Ведомствоның мәлімдеуінше, өңір жастарының халықаралық және республикалық деңгейдегі осындай табыстары — өскелең ұрпақтың еліміздің ғылым саласының болашағына лайықты үлес қосуға дайын екенін көрсететін маңызды көрсеткіш.





