Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

PepsiCo, Mars Marriott, Hilton сынды алпауыт компаниялар бой көтереді: Алматы облысы инвесторлар назарында

Алматы облысы еліміздегі инвестициялық тартымды өңірлердің біріне айналып келеді. Жақын уақытта мұнда PepsiCo, Lays, Mars, Marriott және Hilton сияқты әлемдік жетекші компаниялардың бірқатар ірі жобасы іске қосылады. Бұл туралы облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
27.11.2025
Аймақ, Алматы облысы

Әкімнің айтуынша, PepsiCo компаниясы Lays чипстерін шығару үшін Нарынқолда өсірілген картопты пайдаланатын болады, ал Mars өңірде жаңа өндірістік желі ашу мүмкіндігін қарастыруда. Сонымен қатар халықаралық қонақүй индустриясының алыптары – Marriott және Hilton брендтері Қонаев пен Алатау қалаларында жаңа қонақүйлер салуды жоспарлап отыр. Бұл қадам өңірдің туризм және бизнес-туризм нарығына айтарлықтай серпін бермек.

Алматы облысы туризм мен инфрақұрылымды дамыту бағытында да қарқынды жұмыс жүргізуде. ASP-Arena спорт-туризм кешені, «Oi-Qaragai» курортының кеңеюі, жағажайлар мен демалыс аймақтарын абаттандыру — осының айқын дәлелі.

Өңірде қазірдің өзінде бірнеше ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Олардың қатарында: құны 70 млрд теңге болатын Focus Logistics логистикалық паркі, бетон өнімдерін шығаратын «Алтын таға» зауыты, заманауи LC Waikiki көтерме-тарату орталығы, экспортқа бағытталған Shin-Line фабрикасы, астық пен майлы дақылдарды терең өңдейтін «Қапшағай Бидай Өнімдері» агрокомплексі, Кеген ауданындағы «КегенМясПром» ет комбинаты бар.

Жыл соңына дейін тағы бірнеше А-санатындағы объектілер іске қосылады. Олар – MP Solution, Kusto Logistics, Еуразиялық логистикалық парк, Imagine Apple Logistics орталықтары. Бұл жобалар жаңа жұмыс орындарын ашып, өңірдің индустриалдық және логистикалық хаб ретіндегі әлеуетін нығайтады. Сонымен бірге, Алматы облысында шағын және орта бизнес те қарқынды дамуда: жұмыс істейтін субъектілер саны 156 мыңнан асты, ал олардың экономикалық үлесі 46%-ға жетті.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

«Көктем-2026»: в регионах страны отрабатывают готовность к паводкам

Николай Иващенко
26.02.2026

Президент Сербии Александр Вучич прибыл в Астану с официальным визитом

Николай Иващенко
26.02.2026

Профилактика пищевых отравлений на объектах образования Алматинской области

Николай Иващенко
26.02.2026

В Алматинской области стартовали Республиканское командно-штабное учение «Көктем–2026»

Николай Иващенко
26.02.2026

КНБ совместно с иностранным госорганом провел задержание в Алматы

Николай Иващенко
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz