Байқау Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылған.
Республикалық деңгейде өткен фестивальге Алматы облысынан 11 педагог қатысып, жүлделі орындар мен арнайы марапаттарға ие болды. Қазылар алқасы ұстаздардың кәсіби шеберлігіне, шығармашылық идеялары мен заманауи педагогикалық тәсілдеріне жоғары баға берді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер
Байқау қорытындысы бойынша:
Тоқтарова Толғанай Оңғарқызы (Жамбыл ауданы, Мыңбаев орта мектебі) — дефектология және инклюзивті оқыту бағыты бойынша І орын;
Жуматова Майра Сүндетбаевна («Қарғалы №2 мамандандырылған лицейі» КММ, ағылшын тілі пәні мұғалімі) — «Шеберлік палитрасы» бағыты бойынша ІІ орын;
Сұлтан Нұрғазы Сұнгатұлы (Балқаш ауданы, Бақанас мектеп-интернаты, математика пәні мұғалімі) — «Шеберлік палитрасы» бағыты бойынша ІІІ орын;
Ержан Айганым (Еңбекшіқазақ ауданы, «Азат негізгі орта мектебі» КММ, бастауыш сынып мұғалімі, педагог-ұйымдастырушы) — «Сабақ аяқталған соң» бағыты бойынша ІІІ орын;
Маркабаева Жанар Мейргазина (Қарасай ауданы, Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейі, тарих пәні мұғалімі) — ІІІ орын.
Арнайы марапаттар
Фестиваль аясында бірқатар педагогтерге грамота мен мақтау қағаздары табысталды.
Грамота иегерлері қатарында:
Темербаев Ерлан Иргебаевич (Алатау қаласы, Жаңаталап ықшам ауданы, №10 орта мектеп, география пәні мұғалімі) — «Шеберлік палитрасы» бағыты;
Жусы Самира Амантайқызы (Талғар ауданы, №29 орта мектеп, педагог-психолог);
Қабылбек Күлшаш (Қарасай ауданы, Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейі, биология пәні мұғалімі) — мақтау қағазы.
Фестиваль ұйымдастырушыларының айтуынша, байқау педагогтердің кәсіби дамуына серпін беріп, озық тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасайды.
«Педагогикалық идеялар фестивалі жаңашыл ұстаздарды қолдайтын, білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды алаң», — деді ұйымдастырушылар.
Айта кетейік, байқау Сүлеймен Демирель университеті базасында өтіп, еліміздің түкпір-түкпірінен келген педагогтердің басын қосты.





