Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Өнерде шектеу жоқ: Талғарда ерекше жандар қатысқан шығармашылық фестиваль өтті

Алматы облысының Талғар ауданында ерекше күтімді қажет ететін адамдардың шығармашылық қабілетін дамыту мен қолдауға арналған «Жүректен жүрекке» облыстық фестивалі өтті, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
12.11.2025
Аймақ, Алматы облысы

Іс-шара Талғар аудандық Мәдениет үйінде ұйымдастырылды. Фестивальге балалар мен ересектер, соның ішінде церебралды сал ауруы, психикалық дамудың тежелуі және сирек генетикалық дерттері бар қатысушылар қатысты.

Байқауға қатысуға жас шектеуі қойылған жоқ. Облыстың түрлі аудандарынан келген қатысушылар іріктеу кезеңдерінен өтіп, сахнада өз күш-жігерін, өмірге деген сүйіспеншілігі мен өнерге деген адалдығын көрсетті.

«Әрбір өнер – жүректен шыққан үн»

Фестиваль барысында қатысушылар ән айтып, би билеп, аспаптық және көркем өнер түрлерін ұсынды.

Көрермендерге ерекше әсер сыйлаған өнер иелерінің бірі – Жамбыл ауданынан келген Ақбота Жалғасбай мен Бекжан Базарқұл. Олардың «Аға мен қарындас» әнін орындауы достық пен өзара түсіністіктің, шабыт пен бауырмалдықтың символына айналды.

Фестивальдің ең жас қатысушысы – Қонаев қаласынан келген жеті жасар Диас Қуандық. Оның сахнадағы табиғи болмысы, жылы күлкісі мен шынайылығы көрермендердің жүрегін елжіретті.

«Бүгінгі шара – нағыз рухани мереке. Әрбір қатысушының бойында қуат пен өмірге құштарлық бар. Бұл – өнердің шектеу танымайтынын дәлелдейтін тамаша мысал», – дейді ұйымдастырушылардың бірі.

Ерекше жандарға ерекше құрмет

Фестивальді Алматы облысы әкімдігі мен Облыстық халық шығармашылығы орталығы бірлесе ұйымдастырды.

Салтанатты ашылу рәсімінде облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғожаев пен Талғар ауданының әкімі Таңат Айдарбеков қатысушыларға жылы лебізін білдірді.

«Мұндай фестивальдер ерекше жандарға өз қабілеттерін көрсетуге, қоғаммен етене араласуға және өз күшіне сенім арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қоғамдағы мейірім мен өзара сүйіспеншілікті арттыруға ықпал етеді», – деді Таңат Айдарбеков.

Барлық қатысушылар Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің атынан алғыс хаттармен, сондай-ақ ақшалай сыйлықтар мен естелік тартулармен марапатталды.

«Жүректен жүрекке» – өмірге сенім ұялатқан жоба

Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль ерекше жандардың шығармашылық әлеуетін ашуға, оларды қоғам өміріне белсене қатыстыруға бағытталған.

«Біз үшін ең бастысы – әр адамның жүрегіне жылулық ұялату. Бұл фестиваль тек өнер мерекесі емес, өмірге деген сүйіспеншіліктің, өзара түсіністік пен қамқорлықтың көрінісі», – деді шараның ұйымдастырушылары.

Іс-шара соңында барлық қатысушылар сахнаға шығып, «Жүректен жүрекке» әнін бірге орындады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

Больше 60 дачных массивов получили статус села в Алматинской области

Николай Иващенко
27.02.2026

Сталкера осудили в Алматинской области

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz