Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Облыс әкімі Бесағаштағы жұрт наразылығын тудырған нысандарға барды

Бүгін Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев тұрғындардың наразылығын тудырған Бесағаш ауылындағы нысандарға барып қайтты.

21.12.2022
Аймақ, Сұхбат
Фото: Аслан Қажеке

Фото: Аслан Қажеке

Құрылыс басына жиналған тұрғындардың айтуынша, Бесағаштағы «Time group construction» ЖШС салып жатқан «Нұрия» көпқабатты тұрғын үй кешенінің аумағына әлеуметтік нысандар салынуы керек болған. Алайда, биыл құрылысшы компания 16 көпқабатты тұрғын үйдің іргетасын қалап бастаған.

«Мұнда 2018 жылдан бастап тұрамыз. Жаңа мектеп, емхана, балабақша салынады деп үміттенген едік, сеніміміз селге кетті. Қазіргі таңда 9 қабатты 16 тұрғын үйде 5000 адам мекен етеді. Ал сол жағымыздағы 3,2 га болатын жерде мектеп бой көтеруі тиіс еді», — деді облыс әкіміне шағымданған тұрғын.

Фото: Аслан Қажеке

Наразы топтың мұң-мұқтажын тыңдаған облыс әкімі мәселенің жай-жапсары тексеріліп, жүйелі шешім қабылданғанша құрылыс тоқтатылатынын айтты.

«Тұрғын үй халыққа ыңғайлы, бар жағдайы жасалған болмаса, не үшін салынады? Мәселе одан ары ушығып кетпей тұрғанында жоба қайта қаралады», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Фото: Аслан Қажеке

Өңір басшысының барған екінші нысаны — «HAYAT APARTMENTS» көпқабатты тұрғын үй кешені. Мұндағы 5 жарым гектарға жуық аумақта 9 қабатты 29 блокты 1050 пәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы жүріп жатыр.

Облыс әкімімен тілдесуге келген тұрғындардың сөзіне сүйенсек, құрылыс компаниясы қауіпсіздік ережелерін сақтап жатқан жоқ.

«Бұл жерде қалайша 9 қабатты үй салады? Қазған жерден су шығып жатыр. Келешекте жер асты суының көтеріліп, үйлердің қабырғасы қақырамауына кім кепіл? Оның үстіне, биік үйлер жер үйлерді қалқалап, күн түсірмейтіндей салынып жатыр. Бұл мәселені айтып, бармаған жер, баспаған тауымыз қалмады», — деді тұрғындар.

Өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев болса шағымданған азаматтарды келесі апта Қонаев қаласында жеке қабылдап, мәселені егжей-тегжейлі қарайтынын, егер компания жұмысының заңсыз екені анықталса тиісті шара қолданатынын айтты.

Фото: Аслан Қажеке
Фото: Аслан Қажеке
Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарБесағашМарат Сұлтанғазиев

Соңғы жаңалықтар

Как идет профилактика и борьба с коррупцией в системе санитарно-эпидемиологического контроля в Алматинской области за 2025 год

Николай Иващенко
03.03.2026

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz