Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Министрлік Алматы облысында демалуға арналған ТОП-8 туристік бағытты атады

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Алматы облысында қысқы демалысқа қолайлы ең үздік сегіз туристік бағыттың тізімін ұсынды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
15.12.2025
Аймақ, Алматы облысы

Министрлік мәліметінше, тізімге тау шаңғысы курорттары, этно- және гастрономиялық нысандар, сондай-ақ ішкі және шетелдік туристерге арналған отбасылық-сауықтыру кешендері енген.

Негізгі локациялардың бірі — теңіз деңгейінен 2140 метр биіктікте, Ой-Қарағай шатқалында орналасқан Oi-Qaragai тау шаңғысы курорты. Мұнда 28 шақырымға созылған трассалар, заманауи қонақүйлер, SPA-аймақтар және қысқы демалысқа арналған түрлі белсенді қызметтер ұсынылады.

Сонымен қатар, курорт аумағында Іле-Алатауы мен Алматы қаласына панорамалық көрініс ашылатын Aqtas жаңа биік шолу алаңы жұмыс істейді.

Отбасылық демалыс үшін Қонаев қаласындағы ASP CLUB кешені ұсынылған. Бұл жерде Орталық Азиядағы ең ірі ашық аспан астындағы мұз айдыны орналасқан. Мұз айдынының аумағы 22 мың шаршы метрден асады, сондай-ақ мұнда қысқы шоу бағдарламалар мен жаппай сырғанау ұйымдастырылады.

Гастрономиялық бағыттар қатарына қысқы балық аулауға мүмкіндік беретін «Талғар форелі» мейрамхана кешені мен табиғат аясында тыныш демалуға арналған «ЗЕРНО – Первомайские пруды» рестораны енгізілген.

Этнотуризмді ұнататын саяхатшыларға Талғар ауданындағы ірі ат-спорт кешені NOMAD ARENA, сондай-ақ Қарасай ауданында орналасқан NOMAD этноорталығы ұсынылады. Бұл нысандарда қонақтар қазақтың ұлттық дәстүрлері мен асханасымен жақын таныса алады.

Тізімдегі ерекше орындардың бірі — Ұйғыр ауданындағы Шонжының ыстық қайнар көздері. Термалдық бассейндердегі судың температурасы +50 градусқа дейін жетеді. Бұл аймақты қысқы әрі сауықтыру демалысы үшін ең танымал бағыттардың біріне айналдырып отыр.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz