Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Мемлекеттік қызметшілер арасындағы Спартакиада: ұжымдық рух пен салауатты өмір салтының үлгісі

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілер мен күш құрылымдарының өкілдері арасында бұқаралық спортты дамытуға бағытталған дәстүрлі XVII Спартакиада жоғары деңгейде өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
30.05.2025
Аймақ, Алматы облысы

28–29 мамыр күндері Қарасай ауданындағы «Үшқоңыр» және «Нұр-Аман» спорт кешендерінде ұйымдастырылған жарыс спортсүйер қауымды біріктірген мерекеге айналды.

Ауқымды додаға облыстың 9 ауданы мен Қонаев қаласынан, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен құқық қорғау құрылымдарынан құралған 16 команда қатысты. Қатысушылар саны 700-ге жуықтады.

Биылғы Спартакиада тоғыз спорт түрін қамтыды. Қатысушылар тоғызқұмалақ, қазақ күресі, шахмат, үстел теннисі, жүзу, 3×3 баскетбол, арқан тарту, волейбол және мини-футбол бойынша өзара бақ сынасты. Жарыстар аудан әкімдіктері мен күш құрылымдары арасында жеке-жеке өткізіліп, әділ әрі тартысты бәсекеге ұласты.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрсұлтан Сейдалиевтың айтуынша, мұндай спорттық іс-шаралар мемлекеттік қызметшілердің кәсіби ғана емес, тұлғалық дамуына да оң әсер етеді.

«Мемлекеттік қызметші – тек білікті маман ғана емес, қоғам үшін үлгі боларлық азамат. Оның бойындағы табандылық, ұжымшылдық пен жауапкершілік сезімі салауатты өмір салтымен ұштасқанда, ол нағыз көшбасшыға айналады. Спартакиада – әріптестік байланысты нығайтып, командалық рухты арттыратын тиімді алаң», – деді ол.

Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Рахман Шахарбек те бұл пікірді қолдап, Спартакиаданың қоғамдық маңыздылығына тоқталды.

«Спорт – бүгінгі таңда ұлттық құндылықтардың бірі. Ал мемлекеттік қызметшілер арасындағы жарыстар – бұқаралық спортты кеңінен насихаттап, ұжым ішінде достық пен татулықты қалыптастырудың тиімді құралы. Бұл жарыстар тек дене дайындығын емес, ой ұшқырлығы мен ұйымшылдықты да талап етеді», – деді ол.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтижелер көрсеткен қатысушылар қатарынан қазақ күресінен Дамир Карим, шахматтан Жанарбек Жұмабеков, жүзуден Әсем Алмағанбет ерекше көзге түсті. Командалық есепте мини-футболдан облыс әкімдігі командасы, ал тоғызқұмалақ пен 3×3 баскетболдан Кеген ауданының командалары озық шықты.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен, кубоктармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Жарыс жеңімпаздары енді 10–18 маусым аралығында Өскемен қаласында өтетін республикалық Спартакиадада Алматы облысының намысын қорғайды. Бұл – мемлекеттік қызметшінің спортқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, салауатты қоғам қалыптастыру жолындағы маңызды бастамалардың бірі екені сөзсіз.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Талғар ауданында шинкиокушинкай каратэден облыс чемпионаты өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында парашаңғыдан чемпионат өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz