Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі сатып алу шарттарын дұрыс орындамаған басшыға ескерту жасады

2024 жылдың 11 шілдесінде Қонаев қаласында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысындағы Әдеп жөніндегі кеңес отырысы өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
14.07.2024
Аймақ, Алматы облысы, Мақала
Фото: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

Фото: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

Күн тәртібінде 9 мәселе қозғалды. Соның ішінде Кеген ауданының Тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Б.Б. Абдыманаповқа қатысты тәртіптік іс қозғалды.

Істі тергеп тексеру барысында жұмыстың Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы Заңының 4-бабының 1-тармағында бекітілген шарттарына сәйкес орындалмағаны анықталды.

Жалпы анықталған фактілерде заң бұзушылық бар болып шықты.

Арсен Жақыпов жұмыс аяқталмаған жағдайда, ақша аударылмау керек екендігін еске салды.

Б.Б.Абдыманапов өз сөзінде конкурс кеш ойнатылып, кейін ауа райының қолайсыздығы кедергі болды деп пікір білдірді. Сонымен қатар, бұл қызметте жүргеніне 1 жыл толмағанын айтып өз кінәсін мойындайтынын жеткізді. Әрі бұндай жағдай енді қайталанбайтынын айтты.

Арсен Жақыпов жоғарыда аталғандарды ескере отырып, Абдыманаповқа өз қызметін ары қарай жалғастыруға мүмкіндік берейік деген ұсынысын ортаға салды. Кеңес мүшелері төрағаның ұсынысын бірауыздан қолдады. Сондықтан оған Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңның 50-бабының, 1-тармағының 4/5 тармақшаларын сақтамағаны үшін, қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы шешім шығарылды.

Одан бөлек, 2024 жылдың 26 шілдесіне дейін Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларын және бюджет кодексінің талаптарын қатаң сақтау туралы заңнамалары бойынша семинар өткізуді бұйырды.

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz