Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Медицинаға адалдықпен өткен өмір: Статист-дәрігер Соколова Людмила Александровна жайлы сыр

Медициналық статист — ерекше мамандық. Бұл тек есеп жүргізумен шектелмейтін, бүкіл емдеу мекемесінің жұмысын саралап, дәрігерлер қызметін сандық деректермен бағалайтын жауапты және маңызға ие қызмет. Медициналық ұйымның тіршілігіне жан бітіріп, бағыт-бағдар беретін — осындай маман. Аlataunews.kz тілшісі осындай жанның бірі — Соколова Людмила Александровна туралы айтпақ.

Қорлан Нұрланқызы
02.05.2025
Аймақ, Алматы облысы

Ол медицина саласында 43 жылдық еңбек жолымен көпке үлгі. Қазір Алматы облысы Іле аудандық орталық ауруханасында дәрігер-статист ретінде абыройлы қызмет атқаруда. Жоғары санатты дәрігер, 1982 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын тәмамдап, Республикалық стоматологиялық емханада интернатурадан өткен. Содан бері жарты ғасырға жуық уақыт бойы отандық медицинаның дамуына үлесін қосып келеді.

Людмила Александровна Алтай өңірінде дүниеге келген. Бұл өлке — тарихқа бай, өнеркәсіптік маңызы зор аймақ. XIX ғасырда Алтай күміс өндіруден Ресейде бірінші, мыс бойынша екінші, алтын өндіруден үшінші орынға ие болған. Кеңес дәуірінде ата-анасы Қазақстанға қоныс аударып, әкесі ұзақ жылдар энергетика саласында еңбек еткен.

«Мен де академик Константин Иванович Скрябин айтқандай, адам өз мамандығын сүйіп, қоғамға пайдалы болуға тырысқанда ғана шынайы бақытты болады деп есептеймін. Дәрігер болу — оңай емес, бірақ бұл мамандықты таңдаған жастарды көріп қуанамын. Біздің отбасымызда мен ең алғашқы болып осы қадірлі мамандықты таңдадым», — дейді Людмила Александровна.

Оның ұлы Роман — музыкант. П. И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің, одан кейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі. Бүгінде ол әйгілі «Княжичи» ерлер хорының солисі. Хор репертуарында заманауи музыкалармен қатар, казак халық әндері мен қазақтың ұлттық шығармалары бар.

«Біздің ұжымда әртүрлі ұлт өкілдері тату-тәтті еңбек етіп, өз мәдениетін құрметтейді, балаларына үйретеді. Қазақстанда ұлтқа, нәсілге, дінге бөліну жоқ — бұл нағыз достық пен келісімнің үлгісі. Мен және менің отбасым осы елде өзімізді жайлы сезінеміз. Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын! Бұл — маңызды мереке. Сіздерге денсаулық, амандық және өсіп-өркендеу тілеймін!», — деп жүрекжарды тілегін жеткізді ардагер-дәрігер.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Студенты Алматинской области голосуют за будущее

Николай Иващенко
04.03.2026

Как идет профилактика и борьба с коррупцией в системе санитарно-эпидемиологического контроля в Алматинской области за 2025 год

Николай Иващенко
03.03.2026

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz