Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Медианың мерейі үстем болды: Алматы облысында «Самғау–2025» байқауының тұсауы кесілді

Мөлдір Иманмади
26.12.2025
Аймақ, Алматы облысы, Мақала
Screenshot

Screenshot

Алматы облысында бұқаралық ақпарат құралдары мен медиа саласы өкілдері арасындағы дәстүрлі «Самғау – 2023» облыстық байқауы жоғары деңгейде өтті. Өңірдің ақпараттық кеңістігін дамытуға бағытталған байқау биыл 17 номинация бойынша ұйымдастырылды. Жеңімпаздар диплом және 500.000 – 1 млн теңге көлемінде қаржылай сыйақымен марапатталды.

Байқаудың салтанатты марапаттау рәсімінде Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев сөз сөйлеп, ақпарат саласында аянбай еңбек етіп жүрген журналистер мен медиа мамандарына ізгі тілегін жеткізді. Ол қоғам мен билік арасындағы алтын көпір саналатын журналистиканың маңызын атап өтіп, әр номинация бойынша үздік деп танылған жеңімпаздарды марапаттады.

«Самғау» жүлдесі – Алматы облысының ішкі саясат басқармасы ұйымдастыратын, облыстық ауқымдағы маңызды медиа іс-шара. Байқау өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын, қоғамдық-саяси ахуалын және өзекті мәселелерін сапалы әрі кәсіби деңгейде жариялап жүрген БАҚ өкілдерін қолдауға бағытталған.

Руслан Закарин — «Үздік блогер» номинациясының жеңімпазы

Байқауға Алматы облысының тыныс-тіршілігін тұрақты түрде ақпараттандырып жүрген штаттағы және штаттан тыс журналистер, өңірлік және республикалық газеттердің редакциялары, телерадиокомпаниялар, ақпарат агенттіктері, шығармашылық бірлестіктер, сондай-ақ жазылушы аудиториясы кемінде 10 мыңнан 50 мыңға дейінгі жазылушысы блогерлер мен қоғамдастық әкімшіліктері қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Жадыра Маратова — «Жылдың үздік тележурналисі» номинациясының жеңімпазы

Байқаудың басты мақсаттары – Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық даму үдерістерін жан-жақты көрсету, Тәуелсіздік жылдарындағы өңір жетістіктерін кеңінен насихаттау, сапалы әрі бәсекеге қабілетті бұқаралық ақпарат құралдарын қолдау және дамыту, сонымен қатар заманауи медианың озық үлгілерін – блогинг, мобильді журналистика секілді жаңа бағыттарды дәріптеу.

Адина Байбақ — «Үздік дизайнер» номинациясының жеңімпазы

Жалпы, «Самғау – 2025» байқауы өңірлік журналистиканың кәсіби деңгейін көрсетіп қана қоймай, ақпарат саласының дамуына серпін берген маңызды алаң ретінде жоғары бағаланды.

№НоминацияЖеңімпазЖүлде сомасы
1Жылдың үздік журналисі (Ақпараттық материалдар әзірлеу арқылы қоғамдық маңызы бар мәселелерді сапалы әрі уақтылы жариялағаны үшін)Мықтыбаева Жанар Жексембекқызы500 000 тг
2Жылдың үздік журналисі (Ақпараттық материалдар әзірлеу арқылы қоғамдық маңызы бар мәселелерді сапалы әрі уақтылы жариялағаны үшін)Болат Мәжит Батықұлы500 000 тг
3Жылдың үздік тележурналисі (Жаңалық сюжеттері арқылы өңірдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық өмірін жан-жақты көрсеткені үшін)Маратова Жадыра Қуандықовна500 000 тг
4Үздік желілік басылым (Цифрлық медиада сапалы контент қалыптастырып, оқырман аудиториясын кеңейтуге қосқан үлесі үшін)«ALATAU NEWS» веб-сайты1 000 000 тг
5Жылдың үздік республикалық телевизиялық тілшісі (Алматы облысы туралы мазмұнды репортаждар мен ақпараттық материалдар дайындағаны үшін)Қысаев Ардақ Айбарұлы1 000 000 тг
6Жылдың үздік республикалық басылым тілшісі (Өңірдің өзекті мәселелерін республикалық деңгейде кеңінен насихаттағаны үшін)Калымов Асет Далелханович1 000 000 тг
7Жылдың үздік республикалық басылым тілшісі (Өңірдің өзекті мәселелерін республикалық деңгейде кеңінен насихаттағаны үшін)Исабекова Ұлбосын Бөрібайқызы1 000 000 тг
8Үздік аудандық немесе қалалық басылым тілшісі (Жергілікті халықтың тыныс-тіршілігін жүйелі түрде жариялап, қоғамдық пікір қалыптастыруға үлес қосқаны үшін)Мамырбаева Баян Жанысбайқызы500 000 тг
9Үздік жас журналист (Кәсіби ізденісі мен тың көзқарасы арқылы заманауи журналистикада өзін таныта білгені үшін)Чәкіртхан Талшын500 000 тг
10Үздік жас журналист (Кәсіби ізденісі мен тың көзқарасы арқылы заманауи журналистикада өзін таныта білгені үшін)Советқан Гүлім Ермекқызы500 000 тг
11Үздік оператор (Бейнематериалдар арқылы оқиғаның мазмұнын көркем әрі сапалы жеткізгені үшін)Дусембаев Аят Суюндукович500 000 тг
12Үздік фототілші (Фотосуреттер арқылы қоғам өмірінің маңызды сәттерін шынайы әрі әсерлі бейнелегені үшін)Аслан Қажеке500 000 тг
13Үздік дизайнер (Ақпараттық және визуалды контенттің сапасын арттыруға бағытталған креативті шешімдері үшін)Байбақ Адина Нұржанқызы500 000 тг
14Үздік блогер (Алматы облысы туралы әлеуметтік желілерде мазмұнды, сапалы әрі кең аудиторияға бағытталған посттар жариялағаны үшін)Закарин Руслан Ғалымжанович1 000 000 тг
15Үздік мобилограф (Мобильді форматтағы заманауи бейнематериалдар арқылы өңірдің имиджін ілгерілетуге қосқан үлесі үшін)Сәкен Мұхтарұлы1 000 000 тг
16Жылдың үздік медиа менеджері (Медиа жобаларды тиімді басқару және ақпараттық саясатты жүйелі жүзеге асырғаны үшін)Құныпияұлы Кәдірбек1 000 000 тг
17Үздік ақпараттық серіктес (Мемлекеттік және қоғамдық бастамаларды ақпараттық қолдауға белсенді атсалысқаны үшін)

 

«ЖЕТІСУ» телеарнасы1 000 000 тг
Тегтер: Басты жаңалықтарСамғау 2025Үздік желілік басылым

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz