Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Марат Сұлтанғазиев Қытайдың жетекші компанияларымен инвестициялық ынтымақтастықты талқылады

Алматы облысы делегациясының Қытай Халық Республикасына жасаған ресми сапары аясында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Қытайдың жетекші компанияларының өкілдерімен кездесті. Бұл кездесу халықаралық экономикалық ынтымақтастықты кеңейту жолындағы маңызды қадамға айналды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
25.05.2025
Аймақ, Алматы облысы

Келіссөздерге Zhuhai Shixi Technology Co., Ltd, Wanjia Hotel Group Co., Ltd және AT Partner Company сынды жоғары технологиялар мен туризм салаларындағы бірлескен жобаларға қызығушылық танытып отырған ірі кәсіпорындардың басшылары қатысты.

Тараптар Алматы облысының табиғи жауһары – Көлсай өңірінде аспалы жолдар салу жобасын егжей-тегжейлі талқылады. Кездесу нәтижесінде инфрақұрылымды дамыту және экологиялық туризм саласындағы ынтымақтастықты көздейтін өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Мұнай-газ секторына инвестиция тарту мәселесінде негізгі әріптес ретінде Jinxiang Investment Group компаниясы белгіленіп, оны директорлар кеңесінің төрағасы Хуан Сян Мяо таныстырды. Сонымен қатар кездесуге қазақстандық «Слава Мұнай» ЖШС өкілдері де қатысты.

Энергетика саласы да күн тәртібіндегі маңызды тақырыптардың бірі болды. Жасыл энергетика бағытындағы ықтимал әріптестік Ronghao Energy (басшысы Эрик Гао) және Zhongtai Group компанияларының қатысуымен талқыланды.

Кездесу аясында зияткерлік жүйелер, өнеркәсіптік автоматтандыру және технологиялар саласында ұсыныстар алмасу ұйымдастырылды. Бұл бағыттағы талқылауға Jiangsu Slenline Intelligent Systems, Leng Dengke, Gaosongжәне Helong Explosion компанияларының өкілдері қатысты.

Агроөнеркәсіптік кешенге келер болсақ, Алматы облысының ауыл шаруашылығына зор қызығушылық танытқан компаниялардың бірі – Қытай нарығындағы жаңғақ пен снек өнімдерінің ірі дистрибьюторы Three Squirrels Co., Ltd. Кездесу барысында компания атынан Пан Даовэй сөз сөйледі.

Сапар қорытындысында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының шетелдік инвестициялар үшін ашық екенін, шетелдік серіктестерге қолайлы жағдай жасалатынын және жобаларды іске асырудың барлық кезеңінде кешенді қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Талғар ауданында шинкиокушинкай каратэден облыс чемпионаты өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында парашаңғыдан чемпионат өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz