Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Марат Сұлтанғазиев облыста туризмді дамыту үшін бірқатар тапсырма берді

Облыс әкімінің айтуынша, Еңбекшіқазақ ауданы жоғары туристік әлеуетке ие болғанымен, мұнда келушілердің саны 5,9 пайыз азайған.

23.02.2023
Аймақ

«Ауданда 14 демалыс орны жұмыс істейді. Былтыр мұнда көрсетілген туристік-сауықтыру қызметтерінің көлемі 1,3 есе өсіп, 124 млн. теңгені құрады. Алайда келушілер саны 5,9%-ға азайды», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Сондай-ақ облыс әкімі «Түрген» ірі тау шаңғысы курортының жобасы уақытша тоқтағанына баса назар аударып, алға қойған жоспарлардың орындалуын қадағалауды тапсырды.

«Бұл жобаны іске асыру үшін техникалық-экономикалық негіздеме әзірленді. Құжатты дайындауға «Қазақ Туризм» АҚ және Азия Даму Банкі қаржы бөлді. Десе де, инвестордың болмауына байланысты жоба уақытша тоқтатылды. Жобаны одан әрі іске асыру үшін инвестор іздеу және ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұстанымы қажет», — деді өңір басшысы.

Осыған байланысты Марат Сұлтанғазиев өзінің орынбасары Арслан Дандыбаевқа, тиісті басқармаларға аудан әкімімен бірлесіп биыл «Батан» шатқалында визит-орталықты іске қосуды тапсырды.

Бұдан бөлек, облыс басшысы бірнеше міндеттерді атап өтті. Олар:

  • туристік нысандарда инженерлік, көлік инфрақұрылымын салу жөніндегі жобалардың іске асырылуын ерекше бақылауға алу;
  • белгіленген мерзімде барлық нысандардың құрылысының аяқталуын қадағалау;
  • көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдау.
Тегтер: Алматы облысыЕңбекшіқазақ ауданыМарат Сұлтанғазиевтуриз

Соңғы жаңалықтар

Air Astana БАӘ-де қалған қазақстандықтарды елге жеткізу үшін арнайы рейстер ұйымдастырады

Қорлан Нұрланқызы
09.03.2026

10 наурыз: Алматы облысында қолайсыз ауа райы күтіледі

Қорлан Нұрланқызы
09.03.2026

Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасында ангиографиялық бөлімше ашылды

Қорлан Нұрланқызы
09.03.2026

Бақанас ауылында жаңа тарихи-өлкетану музейі ашылды

Қорлан Нұрланқызы
09.03.2026

Ұлттық банк: инфляция 11,7%-ға дейін төмендеді

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz