Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Марат Сұлтанғазиев Іле ауданындағы бірқатар нысанды аралады

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Іле ауданындағы кәсіпорындарды, салынып жатқан мектеп, тұрғын үй нысандарын аралады.

19.06.2023
Аймақ
Фото: Аслан Қажеке

Фото: Аслан Қажеке

Ең алдымен облыс әкімі газоблок, темірбетон шпал шығаратын «Фирма «Бент» ЖШС-не барды. 1987 жылдан бастап компания түрлі бетон материалдарын шығарады. Осыдан екі жыл бұрын коммерциялық саланы дамыту мақсатында мұнда газобетон өндіретін «Автоклав КZ» ЖШС ашылған. Бұл зауыттың жылдық қуаты 100.000 шаршы метр материал өндіруге жеткілікті.

«Газоблок өндірісінде тек сапалы өнімдерді пайдаланамыз. Қолданылатын өнімдердің барлығының сертификаты болуы шарт әрі оларды лабораторияда арнайы тестілеуден өткіземіз. Зауыт үлкейген соң маман тапшылығы мәселесіне тап келдік. Сол үшін мұнда оқу орталығын аштық. Бұл жерде білім алушылар 3 айдың ішінде бір мамандықты игеріп, бірден жұмысқа орналасады. Олар 200 мың теңге көлемінде шәкіртақы алады», — деді зауыт директоры.

Фото: Аслан Қажеке

Облыс әкімі кәсіпорын адал жұмыс істегені үшін адамдардың сеніміне ие болғанын атап өтті. Сондай-ақ ол әкімдік тарапынан азаматтарды тегін оқыту және жұмысқа орналастыру жағынан қолдау туралы айтты.

Шілде айында Боралдай кентінде 1500 орындық мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр. Осы №4 мектеп аумағына келген өңір басшысы білім ордасының дизайны жақсы таңдалғанын, құрылыстың сапалы жасалып жатқанын атап өтті.

Фото: Аслан Қажеке

Мектеп 6 блоктан тұрады:

  • 1-блокта мектепке дейінгі және бастауыш сыныптар, бастауыш мектепке арналған мультимедиялық кабинеттер, екі ойын бөлмесі орналасқан;
  • 2-блокта 5 және 9-сынып оқушылары оқиды;
  • 3-блокта оқу шеберханалары, 10-11-сыныптарға арналған әмбебап кабинеттер жабдықталған;
  • 4,5,6-блокта спорт зал, шағын спорт залы, 270 орындық асхана, кітапхана, әкімшілік және медициналық кабинеттер орналасқан.

Бұдан кейін облыс әкімі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыспен айналысатын «СКТБ» Гранит» ЖШС-не, жартылай фабрикат өнімдер әзірлейтін «Adamaris» кәсіпорнына, «Полимер-БК» атты полиуретан шығаратын өндіріс орнына ат басын бұрды. Сонымен қатар Марат Сұлтанғазиев Өтеген батыр ауылында салынып жатқан Мәдениет үйі, 3 көпқабатты тұрғын үй, «Жаңа алма» коттеджді қалашығына барды. 3 көпқабатты тұрғын үйді қазіргі таңда жылыту жұмыстары жүріп жатыр, ал «Жаңа алмада» үйлерге барлық инфрақұрылымдық желілер тартылған. Мәдениет үйінің 2-қабаты салынып жатыр. Нысандарды аралаған облыс әкімі ауданның жақсы қарқынмен дамып жатқанын айтып, жауаптыларға осы қарқынды жоғалтпауды тапсырды.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарІле ауданыМарат Сұлтанғазиевхалықпен кездесу

Соңғы жаңалықтар

Как идет профилактика и борьба с коррупцией в системе санитарно-эпидемиологического контроля в Алматинской области за 2025 год

Николай Иващенко
03.03.2026

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz