Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Марат Сұлтанғазиев әйелдер қауымын қабылдады

8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев көпбалалы аналар мен түрлі сала мамандарын қабылдады.

07.03.2023
Аймақ
Фото: Аслан Қажеке

Фото: Аслан Қажеке

«Ардақты аналар! Қымбатты ханымдар мен аяулы арулар! Баршаңызды көктемнің шуақты мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қашаннан ақыл-парасатымен, сұлу көркімен ер азаматтың сенімді серігі, отбасының берекесі бола білген аруларымыз бен аналарымыз әрдайым мақтаныш етуге лайықты», — деді Марат Сұлтанғазиев құттықтау сөзінде.

Фото: Аслан Қажеке

Облыс әкімінің айтуынша, жаңадан құрылған Алматы облысында мемлекеттік органдар мен ірі компанияларда басшылық қызмет атқаратын немесе бизнес саласында кәсібін өркендетіп жүрген әйелдер аз емес.

 

1 of 6
- +

«Мысалы, мемлекеттік қызметте еңбек ететін қыз-келіншектердің үлесі – 53 пайыз, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында 68, білім беру саласында 71 және мәдениет саласында 47 пайызды құрайды. Олар аймақтың өсіп-өркендеуі мен тұрақты дамуы жолында өз қолтаңбаларын қалдырып жатыр», — деді әкім.

Фото: Аслан Қажеке

Сонымен қатар өңір басшысы әйелдерге ақшалай сыйлық табыс етіп, қайта құрылған Аналар кеңесінің баянды бастамаларды жүзеге асырып жатқанын айтты.

Өз кезегінде қабылдауда болған әйелдер қауымы облыс әкіміне алғыстарын жеткізді.

Фото: Аслан Қажеке
Фото: Аслан Қажеке
Тегтер: Алматы облысыӘйелдер мерекесіБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: тексер

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz