Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Мәдениет пен спортты дамыту- басты назарда 

Қорлан Нұрланқызы
13.12.2024
Аймақ, Алматы облысы

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Инновациялық орталық «Alatau Hub» жастар арасында IT саласын танымал ету, цифрлық дағдыларды үйрету және стартаптарды қолдау платформасына айналды. Орталықта 30-дан астам іс-шара өткізілді, оған 150 мектеп командасы қатысты. Нәтижесінде, 10 үздік жоба мойындалып, қолдау тапты.

«Smart Qonaev» жобасы аясында мобильді қосымша әзірленуде. Бұл қосымша азаматтардың мемлекеттік қызметтер мен қалалық қызметтермен өзара байланысын жақсартады.

Сондай-ақ, облыста жеке инвестиция есебінен 15 млрд теңгеге заманауи Деректерді Өңдеу Орталығы (ДӨО)құру жоспарлануда. Бұл мемлекеттік органдардың деректерін сақтау және өңдеу, киберқауіпсіздікті арттыру, жасанды интеллектті енгізу мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.

Интернетке қолжетімділік:

•   134 елді мекенді байланыспен қамтамасыз ету үшін 33 шағын оператормен оптикалық-талшықты байланыс желілерін (ОТБЖ) тарту бойынша меморандумдар жасалды.

•   Ұлттық «Қолжетімді интернет» жобасы аясында тағы 91 ауыл жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылады.

Алматы облысында мәдениет пен спорт қарқынды дамуда

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев мәлімдеді.

Мәдениет және спорт инфрақұрылымы:

•   Райымбек және Кеген аудандарында жаңа мәдениет үйлері салынды.

•   Еңбекшіқазақ және Жамбыл аудандарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері мен спорт кешендері, Іле ауданында облыстық дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері ашылды.

•   Кеген ауданындағы екі мәдениет үйіне ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталса, алты мәдениет үйінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

   Қонаев қаласында қазақ әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың ЮНЕСКО шеңберінде атап өтілген 100 жылдық мерейтойының салтанатты ашылуы өтті.

Жазушының туған жері Нарынқолда оған арналған монумент орнатылып, орталық паркке есімі берілді. Сонымен қатар, оның шығармалары шет тілдеріне аударылды. Атап айтқанда, «Менің атым Қожа» кітабының француз тіліндегі нұсқасы Парижде таныстырылды.

Спорттағы жетістіктер:

•   2022-2024 жылдар аралығында облыс спортшылары әлем чемпионаттары мен ұлттық турнирлерде айтарлықтай жетістіктерге жетті.

•   22 спортшы алтын медаль жеңіп алып, әлемдік ареналарда шеберлік деңгейін көрсетті.

•   Париж-2024 Олимпиадасында Демеу Жадраев күміс медаль иеленді.

Баскетболдағы жетістіктер:

•   Ерлер арасындағы Қазақстан Республикасының 32-ші баскетбол чемпионатында «IRBIS-ALATAU»командасы 1-орынға ие болды.

•   Жастар арасында «ALATAU» командасы аймақтық және республикалық чемпионаттарда жоғары нәтижелер көрсетті: елордалық және облыстық құрама командалар арасындағы чемпионатта 3-орын, ал күзгі чемпионатта 2-орын алды.

Бұл жетістіктер облыстағы баскетбол мен спорттың дамуы қарқынды жүріп жатқанын дәлелдейді. Алматы облысы мәдениет пен спорт саласында айтарлықтай жетістіктерге жетіп, өңірдің жалпы дамуына зор үлес қосуда.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Таяу Шығыс бағыттары жабылды: билеттер 13 наурызға дейін сатылмайды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында қызылша бойынша жағдай күрделі: екі айда 300-ге жуық жағдай тіркелді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алғыс айту күні қарсаңында қарасайлық 26 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысының кәсіпкерлері референдум қарсаңында тың бастама көтерді

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz