Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Күзде иммунитетті қалай күшейтуге болады?

Алматы облысында ауа температурасының төмендеуі мен күн сәулесінің азаюына байланысты тұмау және жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) жиілей бастады. Дәрігерлердің айтуынша, алғашқы күзгі суықта медициналық мекемелерге жүгінетін науқастар саны едәуір артқан. Терапевт қабылдауындағы кезектер ұзарған, ал тұрғындар арасында суық тию белгілері жиі байқалуда. Alataunews.kz тілшісі күз мезгілінде иммунитетті қалай күшейтуге болатынын анықтады.

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2025
Аймақ, Алматы облысы, Мақала

Иммунитет неге әлсірейді?

Күз бен қыс мезгілдері ағзаға бірқатар қауіп төндіреді. Ең алдымен — ұйқының қанбауы мен шаршаңқылық. Күннің қысқаруы ағзадағы ұйқы гормоны — мелатониннің бөлінуін азайтады. Нәтижесінде ұйқы сапасы төмендеп, шаршаңқылық созылмалы түрге айналады, бұл өз кезегінде иммундық жүйені әлсіретеді.

Келесі маңызды фактор — D3 дәруменінің тапшылығы. Күн сәулесі азайғанда ағзада бұл дәруменнің белсенді түрі синтезделмейді. Ал D3 — кальцийдің сіңірілуіне және сүйек, тіс, шаш, тырнақ саулығына жауап береді. Оның жетіспеушілігі иммунитеттің төмендеуіне әсер етеді.

Сонымен қатар, инфекция қаупі де жоғарылайды. Ультракүлгін сәуле азайған сайын ауадағы озон да төмендеп, вирустар мен бактериялардың өміршеңдігі артады. Сондықтан күз айларында тұмау мен суық тию жағдайлары жиілейді.

Кей жағдайларда паразиттік инфекциялар да ағзаның қорғаныс қабілетін әлсіретеді. Патогендік бактериялар мен саңырауқұлақтар қоректік заттарды сіңіріп, иммундық жүйенің жұмысын баяулатады.

Иммунитетті қалай күшейтуге болады?

Дәрігерлердің айтуынша, иммундық жүйені қолдау үшін күрделі шаралар емес, қарапайым әдеттер жеткілікті:

  • Дұрыс тамақтану. Күнделікті ас мәзіріне маусымдық көкөніс пен жеміс қосу қажет. Ал тәтті мен фастфудты шектеу керек. Асқазан-ішек жүйесінде қиындық болса, гастроэнтерологпен кеңескен жөн.

  • Дене белсенділігі. Жеңіл жаттығулар мен таза ауадағы серуендер ағзаны шынықтырып, инфекцияларға қарсы тұру қабілетін арттырады.

  • Толыққанды ұйқы. Сапалы демалыс ағзаның қалпына келуіне және вирустармен күресуіне ықпал етеді.

  • Шынығу. Таңертеңгілік салқын душ немесе ауа ванналары да иммунитетті нығайтудың тиімді тәсілдерінің бірі.

  • Жаман әдеттерден бас тарту. Темекі мен алкоголь ағзаны әлсіретіп, ауруға қарсы тұру қабілетін төмендетеді.

  • Дәрумендер мен биоқоспалар. D3, С және мырыш сияқты дәрумендер иммунитетті қолдауға көмектеседі, бірақ оларды дәрігер кеңесімен қабылдаған жөн.

Мамандар атап өткендей, ұйқының сапасы мен ұзақтығы, дұрыс тамақтану мен белсенді өмір салты — адамның жалпы денсаулығы мен еңбек өнімділігінің басты көрсеткіштері.

Алматы облысының дәрігерлері тұрғындарға ауа райының күрт өзгерісіне бейімделу кезінде ағзаны күшейтіп, профилактикалық шараларды назардан тыс қалдырмауға кеңес береді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz