Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Конституциялық Сот — бұл адамдарға емес, заңдарға қатысты сот» — Конституциялық Соттың төрағасы Эльвира Азимова

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы Эльвира Азимова берген сұхбатында Конституциялық Соттың азаматтардың өміріндегі орны мен маңызы, оның қызметіндегі қағидаттары мен қаралатын мәселелердің ерекшелігі айтып берді. Әңгіме барысында Конституциялық Соттың өзге сот органдарынан айырмашылығы, азаматтар ең жиі көтеретін мәселелер, конституциялық құқықтар мен бостандықтарды қорғау тетіктері, сондай-ақ Ата заңның – елдің негізгі құқықтық тірегінің мән-маңызы кеңінен талқыланды.

Қорлан Нұрланқызы
30.08.2025
Аймақ, Алматы облысы

— Бүгінгі күні Конституциялық Соттың басты міндеті – азаматтардың құқығын қорғау, яғни қоғам өмірін реттейтін қағидаларды заңдық тұрғыда бекіту, мемлекет пен азамат арасындағы диалогты қалыптастыру. Сіздің ойыңызша, Конституциялық Соттың азамат өміріндегі рөлі қандай?

— Конституциялық Сотты қарапайым тілмен айтсақ, «заңдарға қатысты сот» деуге болады. Көпшілік оны Жоғарғы Соттан да жоғары тұрған орган ретінде қабылдайды. Біздің тәжірибе көрсеткендей, азаматтардан түскен өтініштердің басым бөлігі нақты сот шешімдеріне байланысты болды. Соңғы екі жарым жыл ішінде 11 мыңнан астам өтініш келіп түсті, оның шамамен 98 пайызы біздің құзыретімізге жатпағандықтан түсіндірмемен қайтарылды. Біз тек нақты жағдайды емес, оған қолданылған құқық нормасын қараймыз. Яғни азаматқа қай заң актілерін немесе қандай нақты нормаларды қолдануға болатынын түсіндіріп береміз. Сондықтан қысқаша айтқанда, Конституциялық Сот – заңға қатысты сот, ал қарапайым соттар – адамдарға қатысты сот.

Жалпы алғанда, еліміздің құқықтық жүйесінде 24 мыңнан астам нормативтік құқықтық акті бар. Оның ішінде тек заңдардың өзі үш мыңнан асады. Әрине, кәсіби тәжірибесі жоқ азаматтың осындай ауқымды заңнамалық кеңістікте еркін бағдар табуы қиын. Бірақ күнделікті өмірде әрбір адамның құқықтары мен бостандықтарына қатысты сұрақтары туындайды. Конституция дәл осы құқықтар мен бостандықтарды бекітеді әрі азаматты қорғаудың басты кепілі болып табылады. Ол – мемлекетіміздің негізі. Конституциялық Соттың мәні – Конституцияның рухын, онда бекітілген қағидаттарды заңдар деңгейінде де сақталуын қамтамасыз ету. Сондықтан да біз – Ата заңда жария етілген құқықтар мен қағидаттардың қорғаушысымыз. Қазақ халқы Конституцияны «Ата заң» деп атауының да терең мәні бар. Ол – барлық өзге заңдардан жоғары тұратын, міндетті түрде орындалуы тиіс құжат, билік тармақтарының теңгерімін сақтайтын құқықтық тірек.

Бұдан бөлек, азаматтардан бөлек біз сайлау құқығына қатысты істер, сондай-ақ Конституцияны ресми түсіндіру жөніндегі мәселелерді де қараймыз.

— Сіз айтып өткен дерекке сүйенсек, өтініштердің 98 пайызы Конституциялық Сот құзыретіне кірмейді. Ал Сіздер қараған істердің басым бөлігі қандай мәселелерге қатысты болады?

— Егер азамат сот шешімі әділетсіз деп санап, дәлел ретінде соттың сол шешімді шығаруға негіз болған құқықтық актінің нормасын Конституцияға қайшы деген уәж келтірсе, біз сол норманы қараймыз. Қорытындысында норма Конституцияға сәйкес келмейді деп танылса, ол күшін жояды және қолданыстан шығарылады. Соттың өзі сол шешімге қайта оралуға міндетті. Біздің шешіміміз сот үшін жаңа мән-жай болып табылады.

— Бірақ, Конституцияға сәйкес емес деп танылған норма одан әрі жұмыс істемейді ғой?

— Иә, ол сол мезеттен бастап жұмыс істемейді. Бұл жағдайда сол істі қараған сот үшін бұл – жаңа мән-жай болып саналады. Яғни тіпті талап қою мерзімі өтіп кеткен деп ойласа да, егер біздің шешіміміз қабылданса, сот қайта оралып, істі қайта қарауы тиіс. Біздің шешім – ол үшін жаңа мән-жай болып табылады.

— Сот өздігінен қайтып қарауы керек пе, әлде азаматтың өтініші қажет пе?

— Жоқ, бұл – азаматтың өз мүддесіне қатысты мәселе. Бұл – оның құқығы. Мұнда ешкім оның орнына әрекет етпейді. Ол өзі барып, біздің шешімге сілтеме жасап, сотқа өзі жүгінуі тиіс.

— Сіз айтқандай, Конституциялық Сотта прокуратура сияқты бақылау функциясы жоқ. Бірақ оның шешімі жай ұсыныс емес қой?

— Дұрыс айтасыз. Конституциялық Соттың шешімі – аксиома. Яғни шешім қабылданса, өзгерістер міндетті түрде жүзеге асуы тиіс. Конституциялық шешім – міндетті. Мұның мәні неде? Кез келген шешім белгілі бір алгоритмдер мен қорытындылардан тұрады. Солардың ішінде міндетті қорытынды – бұл құқықтық норманың Конституцияға сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы тұжырым. Біз «сәйкес келеді» немесе «сәйкес келмейді» деп табамыз, не болмаса Конституцияға сай деп, бірақ бірізді қолданыс болу үшін нормаға түсіндірме береміз. Бұл мемлекеттік органдар үшін де, азаматтар үшін де міндетті. Ал заңнаманы Конституцияға сәйкестендіру, мемлекеттік органдардың практикалық әрекеттері барысында міндетті түрде ескерілуі тиіс. Екінші бөлігі – ұсынымдық сипаттағы қорытындылар. Біз тежемелік және тепе-теңдік жүйесін сақтай отырып, әрбір орган өзінің мандаты мен шешімдерінің салдары үшін жауапты екенін негізге аламыз. Сол үшін біз кейде ұсыныстар береміз. Бірақ біздің ұсынымдарды да ескерусіз қалдыруға болмайды.

— Яғни азаматтың Конституциялық Сотқа жүгіну санына шектеу жоқ қой?

— Иә, бұл тұрғыда ешқандай шектеу жоқ. Дегенмен, Конституциялық Сот өтінішті қараудан бас тартуы мүмкін, бірақ ол шешімді тек судьялар қабылдайды. Бізде 11 судья бар, олар шешімді алқалы түрде қабылдайды. Бас тарту үш жағдайда болуы мүмкін:

егер өтініш Конституциялық Сот құзыретіне жатпаса;

егер осы норма Конституциялық Сотта бұрын қаралып, қорытынды берілсе;

егер азамат бізге ескі жағдайға қатысты жүгінсе, мысалы, 2 жыл бұрынғы немесе 10 жыл бұрынғы сот актісіне байланысты болса.

Біз сот актісіне баға бермейміз, тек онда қолданылған құқық нормасын қараймыз. Бірақ бұл үшін сот шешімі бір жылдан аспаған мерзімде қабылданған болуы қажет.

— Конституциялық Сот ақпараттық кеңістіктегі қоғам тарапынан болатын сынға қалай қарайды?

— Егер ақпараттық кеңістік туралы айтар болсақ, ең алдымен, бізде сөз бостандығы сақталады және цензураға жол берілмейтіні жөнінде конституциялық норма бар екенін атап өткен жөн.

Біз ешқандай ықпал не қысым көрмейміз, бірақ кейде біздің шешімдерімізді толық түсінбей жататын жағдайлар бар екенін байқаймыз, сондықтан түсіндіру қажеттілігі туындайды. Мұндай жағдайда, әрине, біз өз шешімімізді толық күйінде ұсынамыз, ол бұрмаланбас үшін. Яғни шешімдеріміз жарияланған сәттен бастап, олар сол қалпында толық мәтінімен орналастырылады.

— Конституциялық Сот қандай да бір идеяларға қалай қарайды? Мәселен, процесті жетілдіруге немесе жұмыстың өз процесін жақсартуға қатысты ұсыныстарға рұқсат етіле ме? Мүмкіндіктерді, мысалы, цифрлық мүмкіндіктерді арттыру туралы ойларға ше?

— Біз мұндай бастамаларға өте жақсы қараймыз. Қазір цифрлық технологиялар үлкен жылдамдықпен дамып жатқан зама, әрине одан артта қалмауымыз тиіс. Әрине, біз үшін ең бастысы – осы мүмкіндіктерді пайдаланып, Конституция нормаларын әр азаматқа түсінікті әрі қолжетімді ету. Біз заң нормаларының Конституцияға сәйкестігін қараймыз. Ал Конституция – бұл негізгі заң, оны өз құқықтарымызды қорғау үшін білу жеткіліксіз, ол сондай-ақ билік өкілеттігі бар тұлғалар үшін де міндетті мінез-құлық ережелерін белгілейді.

Сондықтан біз өзара түсінісіп, заңға сай әрекет етуге міндеттіміз. Себебі кез келген әрекет кейін әртүрлі салдарға әкелуі мүмкін, соның ішінде қоғамда теріс қабылдануы ықтимал салдарларға да. Бұл қоғамдық санада жағымсыз эмоционалдық әсер қалдырады, тіпті заңды қолдануда қате тәжірибелердің пайда болуына әкелуі мүмкін.

Осы тұрғыдан алғанда, біздің тәжірибемізде бүгінгі күні барлық отырыстарымыз ашық форматта өтеді. Ашық формат дегеніміз – бұл процеске барлық мүдделі тұлғалар қатыса алады деген сөз. Яғни біз тек заңды қабылдауға қатысы барларды ғана емес, сонымен қатар оны қолданатындарды да шақырамыз. Бұдан бөлек, біз сарапшыларды тартамыз. Сарапшы ретінде қоғамдық ұйым өкілдері де, ғылыми қауымдастық мүшелері де қатыса алады.

Бізде «amicus curiae» деген ұғым бар, бұл латын тілінен аударғанда «соттың досы» дегенді білдіреді. Яғни қоғамдық немесе жария мүдде танытқан кез келген тұлға сотқа өз көзқарасын білдіре алады.

-Мен бизнес тілімен айтсам, Конституциядағы барлық тетіктерді біз білеміз бе, түсінеміз бе және ең бастысы – қолдана аламыз ба?

— Білесіз бе, бұл жағдайда әрбір азаматтың жеке таңдау құқығы бар. Сондықтан сіздің «бәрін білеміз бе, бәрін түсінеміз бе» деген сұрағыңызға деп біржақты жауап беру онша дұрыс болмайды. Мұнда мәселе біздің мұны қалай қабылдауымыз керектігінде. Айталық, бізде мемлекеттік рәміздер бар. Қай елге барсақ та, біздің төлқұжатымыз – мемлекетімізбен байланысымыздың нышаны. Паспортты барлық жерде таниды. Сол сияқты, біздің туымызды да барлық жерде біледі.

Ал Конституцияға келсек, ол – еліміз ішіндегі мінез-құлық нормаларын айқындайтын акт. Яғни өз құқықтарымыз бен бостандықтарымыз туралы айтқанда, біз ең алдымен белгілі бір жүріс-тұрыс кодексіне сүйенеміз. Мұндай кодексте жазылған және жазылмаған ережелер болады. Ал біздің құқықтарымызды бекітіп, заңдық тұрғыда нақтылап отырған жазылған заң – бұл ең алдымен Конституция.

— Сұхбатты қортыныдлай келе, Сіздің ойыңызша, Конституциялық Сот азамат үшін не? Қалай бір ауыз сөзбен түйіндеуге болады?

— Біріншіден, бұл – Конституцияны қорғаушы сот. Екіншіден, Конституцияда адамның негізгі құқықтары мен бостандықтары бекітілген. Демек, біз заң тұрғысынан, қоғам мен азамат мүддесін заң тұрғысынан қорғап тұрамыз. Жеке мүдде тұрғысынан емес, тек заң тұрғысынан. Үшіншіден, мен бұған дейін айтқанымдай, Конституциялық Сот – бұл заңдарға қатысты сот. Ол адамдарға қатысты сот емес. Біз адамдарды соттамаймыз, біз заңдарға конституциялық тұрғыдан баға береміз деп айтуға болады.

– Әңгімеңізге үлкен рақмет.

 

Тегтер: Конституциялық Сотқазақстан

Соңғы жаңалықтар

«Көктем-2026»: в регионах страны отрабатывают готовность к паводкам

Николай Иващенко
26.02.2026

Президент Сербии Александр Вучич прибыл в Астану с официальным визитом

Николай Иващенко
26.02.2026

Профилактика пищевых отравлений на объектах образования Алматинской области

Николай Иващенко
26.02.2026

В Алматинской области стартовали Республиканское командно-штабное учение «Көктем–2026»

Николай Иващенко
26.02.2026

КНБ совместно с иностранным госорганом провел задержание в Алматы

Николай Иващенко
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz