Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Коммуналдық тарифтер неліктен қымбаттауы мүмкін? — мамандар түсіндіреді

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің мамандары коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған «Тарифті инвестицияға айырбастау» жаңа тарифтік саясатының негізгі міндеттерін халыққа егжей-тегжейлі түсіндіріп жатыр.

20.01.2023
Аймақ

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Барлық Төреханов Мемлекет басшысының тапсырмасымен өңірлерде «Инвестиция орнына тариф» жаңа тұжырымдамасын іске асырылып жатқанын еске салады.

Оның айтуынша, жаңа тарифтік саясат бірінші кезекте коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған.

«Жергілікті атқарушы органдар мен табиғи монополиялар субъектілерінің деректері бойынша Алматы облысында коммуналдық желілердің тозуы 60-70%-ды құрайды. Жылу желілерінің тозуы — 60%. Жаңа тарифтік саясатқа сәйкес, салынған инвестиция желілердің тозуын төмендетуге жұмсалуы тиіс. 2029 жылға дейін коммуналдық желілерді кезең-кезеңімен жаңғырту міндеті қойылды», — деді Барлық Төреханов.

Бұл бастаманың түпкі мақсаты — халыққа сапалы әрі уақытылы қызмет көрсету. Сондай-ақ, ол Алматы облысында сумен жабдықтау және кәріз жүйелерінің де 60-70% тозғаны айтады. Бұл саладағы қызметкерлердің жалақысын көтеру – өзекті мәселе, оның деңгейі орташа жалақыдан кем болмауы керек.

Осы шаралардың барлығы коммуналдық тарифтердің қымбаттауына әсер етуі мүмкін, сол себепті халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр деп түсіндірді Барлық Төреханов.

«Сіздер елімізде желілердің тозуына байланысты апаттар, төтенше жағдайлар болып жатқанын көріп отырсыздар. Осыған байланысты өңірлерде тұрғындар наразылық білдіріп жатқанын білесіздер. Қабылданған жаңа тарифтік тұжырымдама осындай апаттардың алдын алу және тұтынушыларға уақытылы әрі сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді», — деді ол.

Тегтер: Алматы облысыинфрақұрылымкоммуналдық тарифтерқымбатшылық

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша көпшілік тыңдау өтеді

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: тексер

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz