Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Көшпенділер қаласы жаңа туристік бағыттың орталығына айналады

Алматы облысында Іле жағалауында орналасқан «Көшпенділер қаласы» кешенін дамытуға бағытталған жаңа туристік кластер жобасы іске қосылды, деп хабарлайды Alataunews.kz. 

Мөлдір Иманмади
03.11.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар
Screenshot

Screenshot

Бұл бастама өңір туризмінің әлеуетін толық ашуға және ішкі туризмнің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Жоба аясында глэмпинг аймақтарын құру, қоғамдық тамақтану нысандарын ашу, сондай-ақ қосымша инфрақұрылымдық нысандар салу көзделген. Мақсат – келушілерге жайлы әрі тартымды демалыс жағдайын қамтамасыз ету.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаев қаласында өткен жиында Көшпенділер қаласының туристік әлеуетін барынша тиімді пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.

«Қонаевқа күніне шамамен 30 мыңға дейін турист келеді. Сол туристер үшін Көшпенділер қаласына арнайы бағыт әзірлеу қажет. Бұл жерде ұлттық нақыштағы сувенирлер, дәстүрлі ойындар және өзге де тартымды элементтер ұйымдастырылуы тиіс. Қалаға шетелдік туристер де жиі келеді, демалыс орындары бар – соларға белсенді түрде жарнама жүргізу керек. Туристерді күн сайын кемінде бір рет Көшпенділер қаласына апарып, туристік маршруттың тұрақты бөлігіне енгізу қажет. Сонда ғана бұл нысан жүйелі жұмыс істейді. Жолды салып, турист өздігінен келер деп күтудің қажеті жоқ», – деді өңір басшысы.

Әкім жобаны ұйымдастыру жұмыстары Алматы облысының туризм басқармасына, ал абаттандыру мен инфрақұрылымдық қамтамасыз ету шаралары Қонаев қаласы әкімдігіне жүктеді.

Марат Сұлтанғазиев мұндай жобалар өңірдің экономикалық дамуына да серпін беріп, бизнес пен туризмнің жаңа бағытын қалыптастыратынына сенім білдірді.

Соңғы деректерге сәйкес, биылғы жылдың алғашқы алты айында Алматы облысына келген туристердің саны өткен жылмен салыстырғанда 30%-ға артқан. Тек ішкі туризм аясында 1 миллионнан астам адам өңірге саяхаттаған. Ал жыл сайын Көшпенділер қаласына 50 мыңға жуық турист келеді.

Айта кетейік, өңірде туризмді дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Биыл Алматы облысының ұлттық парктеріне 700 мыңнан астам турист келген.«Көшпенділер» кешенін қайта жаңғыртудан бөлек, Тамғалы Тас бағытына жаяу жүргіншілерге арналған көпір салу және жағалау инфрақұрылымын абаттандыру жобалары қолға алынды.

Тегтер: алматы облысының жаңалықтарыБасты жаңалықтарКөшпенділер қаласыҚонаевТуризм

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz