Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Көрермен Қонаевтағы «Мың бояулы аспан» фестиваліне дән риза болды

22-23 шілдеде Қонаев қаласында «Мың бояулы аспан» әуе шарлары фестивалі өтіп жатыр.

22.07.2023
Аймақ

Алматы облысы — Қазақстан бойынша ішкі туризмі дамыған аумақтардың бірі.

Елімізде алғаш рет әлемнің түкпір-түкпірінен әкелінген 30 шар аспанға көтеріліп, жиналған жұртшылықты әсем көрінісімен тәнті етті. Дельтапландар да ұшып жүр. Оған біздің тілшілер де куә болып қайтты.

Кешкі концерттік бағдарлама басталған уақытта сахнаға өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев шығып, халықты ауқымды шараның өтуімен құттықтады.

«Облыста туризмді дамыту — басты мақсаттардың бірі. Осыған орай, бүгінгі «Konayev international balloon fest» шар фестивалі өңіріміздегі айтулы оқиға болмақ. Бұл біздің қонақтарымыз үшін табиғаттың сұлулығын тамашалауға жақсы мүмкіндік әрі адамдар бір-бірімен таңнан бері достасып үлгерген болар. Тіпті, сағат таңғы 7-ге таман мұнда кептеліс орын алды. Біз бұл шараға 6 ай бойы дайындалдық. Әлеуметтік желі қолданушылары өздерінің парақшаларында Қонаев тұрғанда Каппадокияға барудың қажеті жоқ деп жазып жатыр. Баршаңызға жақсы көңіл-күй тілеймін! Есте қаларлық демалыс болсын!» — деді өз сөзінде Алматы облысының әкімі.

Кеш батса да, Алматы мен Қонаевтан автобустар ағылып келіп жатты. Халықтың санында шек жоқ. Барлығы билеп, Калифарния, Қаракесек, Океанамен қосылып ән шырқады.

Жиналған жұртшылық дән риза. Тілшілер тілдескен Наташа және Алина есімді алматылық тұрғындар мұнда демалушылар үшін барлық жағдай жасалғанын айтты.

«Әжетхана, трансфер, қоқыс жәшіктері — барлығы да жеткілікті. Жақсы демалып жүрміз. Фестиваль ойдағыдай өтіп жатыр. Көңіл-күйіміз тамаша», — деді олар.

Ал Қонаев тұрғындары болса, облыс орталығы болғалы бері шаһарға жаңаша әр кіргенін тілге тиек етті.

«Балаларымызды алып келгенбіз. Оларға арнайы шатыр тігілген екен. Үстел футболы, сурет салуға арналған орын, шахмат үстелдері, батут, доп ойнайтын алаң да бар. Өте қуаныштымыз. Қонаев дами берсін. Таңертең келген халық түске таман көлге барып шомылып, кешке қайтып келіп жатыр. Жолда кептеліс. Бұл фестивальға қызығушылардың көп екенін көрсетті. Алға, Алматы облысы!» — деді Әсия есімді тұрғын.

Сондай-ақ шара аумағында қазақы дәстүрден сыр шертетін киіз үйлер тігілген. Онда қазақи киімдер ілініп, қазақ тағамдарынан дастархан жайылған, көне ыдыс-аяқтар қойылған. Мұның барлығы — ұйымдастырушылардың салт-сана, әдет-ғұрыпқа мән бергенінің белгісі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін облыста «Тенгри ультра» марафоны, халықаралық Іле-Балқаш регатасы өткен. Сондай-ақ «BBC News» телеарнасында өңірдің әсем де бай табиғаты туралы жарнамалық видероликтер көрсетіліп жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Қазақстан Республикасының Конституциясына қол қойды

Мөлдір Иманмади
17.03.2026

Алматы облысында Наурыз жаңа форматта өтеді

Мөлдір Иманмади
17.03.2026

Фото: Дамир Нұрқасым

Қонаевта мұғалімдердің цифрлық дағдыларын дамытуға арналған тәжірибелік алаң өтті

Мөлдір Иманмади
17.03.2026

Тоқаев туризм мен балалар спортын қолдауға арналған заңға қол қойды

Қорлан Нұрланқызы
17.03.2026

Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Қорлан Нұрланқызы
17.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz