Ол бейнежазбаны өз Telegram-арнасындағы сториске жариялап, «Бұл тамаша жүзу болды» деп жазған.
Алайда бұл әрекет қоғам назарын аударды, себебі Көлсай көлдерінде шомылуға қатаң тыйым салынған. Табиғи экожүйені сақтау мақсатында Ұлттық парк аумағында азаматтар мен туристерге арналған арнайы ережелер бекітілген.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бұл талапты бұзғандар 10 айлық есептік көрсеткішке (39 320 теңге) дейін айыппұл төлейді.
Экологтардың айтуынша, мұндай шектеу тек табиғатты қорғау шарасы емес, сонымен қатар қауіпсіздік талаптарымен де байланысты. Таулы көлдердің суы тіпті жаз мезгілінде де +6–8 °C-тан аспайды. Мұндай температурада шомылу адам ағзасының тез тоңуына және денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін.
Дегенмен, Көлсай көлдері ұлттық табиғи паркінің әкімшілігі бейнежазбаның шынайылығына күмән келтіріп отыр. Кейбір мамандар бұл видео монтаждалған немесе нейрожелі арқылы жасалған болуы мүмкін деген пікір білдірді.
Қалай болғанда да, аталған жағдай табиғатты қорғау талаптарын сақтаудың маңыздылығын және еліміздің ерекше қорғалатын табиғи аймақтарында белгіленген тәртіптің баршаға ортақ екенін тағы бір мәрте еске салды.





