Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Көлсай көлдері» ұлттық паркінің аумағында Нидерланды технологиясы енгізілмекші

Бұл туралы Алматы облысы әкімінің орынбасары Арслан Дәндібаев тау шаңғысы туристік кластерін дамыту жөніндегі кеңесте мәлімдеді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

01.02.2023
Аймақ
Фото: Аслан Қажеке

Фото: Аслан Қажеке

Әкімнің орынбасары атап өткендей, қаңтар айында Алматы облысының әкімдігі «Dutch Clean Tech» компаниясымен өңір аумағында кәріз-тазарту құрылыстарын салу және реконструкциялау жөніндегі жобаларды іске асыру туралы меморандумға қол қойды.

Сондай-ақ, рекреациялық жүктемесі жылдан жылға артып келе жатқан Алматы облысының ұлттық парктерінің бірегей табиғатын сақтау үшін Еуропалық тазарту технологияларын пайдалану жоспарланды. Бұл мәселе бойынша қазіргі уақытта Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен келісім жүргізіліп жатыр.

«Алматы облысының әкімдігі кейбір нысандарды сенімгерлік басқаруға беру туралы меморандумға қол қойды. Сондай-ақ, ұлттық парктің («Көлсай көлдері») аумағында пилоттық режимде озық тазарту технологияларын енгізу мәселесі зерделеніп жатыр. Егер озық технологияларды іске қосатын болсақ, онда басқа объектілерде де қолданамыз. Оның ішінде Қапшағай су қоймасында да күрделі мәселе болып саналатын табиғатты сақтау үшін шешілуі тиіс экологиялық мәселелер бар», — деді Арслан Дәндібаев.

Фото: Аслан Қажеке

1 of 4
- +

Туризмді дамыту перспективалары туралы айта келе, Арслан Дәндібаев көлдерге жақын жерде ірі нысандардың құрылысына жол бермеу керектігін, сондай-ақ жағалауға дейін асфальтталған жол салу мүмкіндігін атап өтті.

«Қайыңды көліне баратын жолды 12 км шақырымға жеткізу жоспарда бар. Барлығы көлдің өзіне асфальт төселмеу керек деген ортақ пікірге келді. Біздің көз алдымызда мысал бар: Көлсайға жол салынды, енді көл қоқыстарға толып жатыр. Неге? Себебі қоқысты шығару, біріншіден, арзан емес, екіншіден, қауіпсіздік мәселелері де бар. Мұның бәрін қыста жинап, алып кету керек», – деді ол.

Көлсай көлдері Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген туристер үшін керемет орынға айналған Тянь-Шаньның көгілдір маржаны деп аталады. Көлдер Алматыдан 300 шақырым жерде орналасқан. Ұлттық саябақтың жалпы ауданы 161 045 гектарды құрайды. Ұлттық парктегі инфрақұрылым жағынан ескіргені, келушілердің қажеттіліктеріне сай келмейтіні белгілі. Алайда жыл сайын келушілер саны артып келеді.

Тегтер: Басты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Коллектив компании Dolce поддерживает принятие новой Конституции

Николай Иващенко
06.03.2026

Важная информация: маслихат Алматинской области сообщает о публичных слушаниях по вопросу приватизации

Николай Иващенко
05.03.2026

Студенты Алматинской области голосуют за будущее

Николай Иващенко
04.03.2026

Как идет профилактика и борьба с коррупцией в системе санитарно-эпидемиологического контроля в Алматинской области за 2025 год

Николай Иващенко
03.03.2026

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz