Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Көлсай көлдері» ұлттық паркінде жаңа бағыт ашылды

Жаңа бағыттың ашылу салтанаты Саты шатқалында өтті.

25.11.2022
Аймақ

Салтанатты шараға ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова, Қазақстанда БҰҰ-ның Даму бағдарламасын іске асыратын мамандар, «Көлсай көлдері» ұлттық паркінің қызметкерлері және Алматы облысында орналасқан басқа да қорықтардың мамандары қатысты.

«Біздің министрлік атынан «Көлсай көлдері» ұлттық паркінде «Табиғатқа құлақ сал» атты маршруттың ашылуымен құттықтаймын! Экологиялық туризмді дамытуда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, атап айтқанда, ұлттық парктер ерекше рөл атқарады. Статистикаға сәйкес, 2022 жылдың алғашқы 10 айында бұл жерлерге 1,7 млн демалушылар келді. Бұл туризм үшін оң тенденцияның қалыптасқанын білдіреді», — деді құттықтау сөзінде вице-министр.

Содан соң ол БҰҰ-ның Даму бағдарламасын іске асыратын маман Ақмарал Ағажаевамен бірге жаңа бағыттың лентасын қиды.

«ҚР-ның Экология министрлігіне тығыз қарым-қатынас орнатып, бірлесіп бірқатар жобаларды жүзеге асырғаны үшін алғыс айтамын. БҰҰ-ның Даму бағдарламасы елімізде экотуризмнің дамуына көп көңіл бөледі. Бүгін соның бір нәтижесін көріп отырмыз», — деді сөз алған Ақмарал Ағажаева.

Ал маршруттың таныстырылымын БҰҰ Даму бағдарламасы директорының орынбасары Әділбек Батанов жасады.

«Бұл бағыттың соңғы нүктесіне дейін барып, қайтатын жолдың ұзындығы — 13,3 шақырым. Бастапқы нүктесі — Саты шатқалы. Соңғы нүктесі — тау басындағы бұлақ. Аталған бағытта туристік тұрақ, көру алаңы, кемпинг орталығы, жабайы жануарларды бақылайтын арнайы орын ашылды. Бұл тауда қар барысы мекендейтінін де айта кеткен жөн», — деді Әділбек Батанов.

Тау етегінде арнайы киіз үй тігіліп, қонақтар ақ дастарханнан дәм ауыз тиді. Жергілікті өнерпаздар болса салтанатты шараның көрігін одан ары қыздыра түсті.

Содан соң жиналған жұрт «Табиғатқа құлақ сал» бағытымен серуендеуге шықты.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Тегтер: Көлсай

Соңғы жаңалықтар

СІМ мәлімдемесі: алғашқы эвакуациялық автобустар Дубайдан жолға шықты

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында су тасқыны қаупі орташа: дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Таяу Шығыс бағыттары жабылды: билеттер 13 наурызға дейін сатылмайды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz