Кеген ауданында ауқымды пресс-тур өтті. Ең алдымен тілшілер тозығы жетіп, ойық-шұңқыр болып жатқан «Көкпек-Кеген-Түп» республикалық маңызы бар жолына барды. ҚАЖ-ға қарасты бұл жол бөлігін «Іскерті» ЖШС жасаған. Алайда аталған компания сапасыз қызмет көрсеткендіктен, екіжақты келісімшарт бұзылып, ҚАЖ серіктестікті сотқа берген.

«Іскерті» ЖШС жолды жөндеуге жұмсаған қаржыны қайтарып берді. Қазір басқа мердігер компания келді, олар ағымдағы жөндеу жасап, құрылысты қазан айының соңына дейін аяқтауы тиіс. Ал күрделі жөндеу жасау үшін жобалық-сметалық құжаты жасалады», — деді Жасұлан Қалтаев.
Жалпы Кеген ауданында барлығы 775 шақырым жол бар. Оның ішінде 68 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда болса, 32 пайызы жөндеуді қажет етеді.





