Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Киелі шаңырақ оқуға шақырады!

Талдықорған аграрлық-технологиялық колледжі 2024-2025 оқу жылына 20 маусымнан бастап 9 және 11 сыныпты аяқтайтын талапкерлерді оқуға қабылдайды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
04.05.2024
Аймақ, Жаңалықтар
Фото: kz.gorodwiki.ru

Фото: kz.gorodwiki.ru

Талдықорған аграрлық-технологиялық колледжі — техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі Жетісудың байырғы белді оқу орындарының бірі, ауылшаруашылыққа нағыз қажет бәсекеге қабілетті мамандарды дайындап отырған, ұстанымы ұшталған оқу орнының бірі және бірегейі.

Талапкерлер төмендегідей мамандықтар бойынша қабылданады:

07210300 Нан пісіру, макарон және кондитер өндірісі;

07210200 Сүт және сүт өнімдерін өндіру;

04110100 Есеп және аудит;

05220100 Экология және табиғатты қорғау қызметі (түрлері б\ша);

08410100 Ветеринария;

10320200 Төтенше жағдайда қорғау (салалар бойынша);

07110400 Зертханалық технология;

07210100 Ет және ет өнімдерін өндіру.

Барлық мамандықтарға арналып алынған 60 мыңнан астам кітап қоры және ақпаратты коммуникативті технологиялармен жабдықталған заманауи электронды оқулықтары, заман талабына сай күрделі жөндеу жұмысынан өткен 324 орындық жатақхана, «Жас маман» жобасын іске асыру жаңаша оқытудың  жеке моделін қалыптастырып, нарықта  сұранысқа ие халықаралық деңгейдегі білікті мамандарды даярлауға жол ашатын цехтар, зертханалар, оқу-құралдары бар 80-жылдық тарихында мыңдаған түлектерді ұясынан ұшырған киелі шаңырақтың білікті де білімді мамандары республиканың түкпір-түкпірінде қызмет етуде.

«Жас маман» жобасы аясында «Сүт өнімдерінің өндірісі» мен «Нан пісіру, макарон және кондитерлік өнімдер өндірісі» мамандықтары бойынша ашылған цехтар WorldSkills стандарттары бойынша жаттығу лагері алаңына айналды.  «Жас маман» жобасын іске асыру жаңаша оқытудың  жеке моделін қалыптастырып, нарықта  сұранысқа ие халықаралық деңгейдегі білікті мамандарды даярлауға жол ашты. Осы бағыттарды жүзеге асыруда «Жас маман» жобасының маңызы зор. «Жас маман» жобасы аясында 2020-2021 оқу жылының қыркүйек айында колледжде  «Кондитер ісі», «Наубайхана ісі»  және «Сүт өнімдері өндірісі»  оқу-өндірістік цехтары  іске қосылды.  «Жас маман» жобасы аясында ашылған цехтар WorldSkills стандарттары бойынша жаттығу лагері алаңы болатын «Кондитерлік іс», «Наубайхана ісі»  және «Сүт өнімдері өндірісі»  бағыты бойынша құзыреттілік орталығын  құруға мүмкіндік берді.  Болашақта 08210100 «Орман шаруашылығы» мамандығы 4S08210103 «Орман шебері» біліктілігі бойынша қабылдау жүргізу жоспарлануда.

Білім беру мен студенттердің жеке тұлғалық дамуын жан-жақты ұштап отырған колледждің жетістіктері де аз емес. Жыл сайын ұйымдастырылатын «Топ-100» Қазақстанның 100 үздік студенті байқауына, «Айбын» республикалық әскери- патриоттық жиынына, WorldSkills стандарттары бойынша байқауларға үздіксіз қатысып, үздіктер қатарынан көрінуде. Осындай жетістіктерімен облыстың ауылшаруашылығына қажетті мамандарды даярлау, талапкерлерді білім ордасында білім алуға шақыру мақсатында «Жетісу облысының білім басқармасы» ММ-нің «Талдықорған аграрлық-технологиялық колледжі» ШЖҚ МКК мектеп оқушыларының қызығушылықтарын оятуға бағытталған кәсіби бағдар жұмыстары жүргізілді.

Аталған шара барысында, колледждің мамандықтары бойынша және білім алудың бірегей мүмкіндіктері туралы маңызды ақпараттар ұсынылды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара Қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті, Жетісу облысы ПД Кинология қызмет орталығы және «Жетісу облысының білім басқармасы» ММ-нің  «Талдықорған аграрлық-технологиялық колледжі» ШЖҚ МКК-ны арасындағы ынтымақтастық меморандумы аясында бірлескен жұмысы негізінде «Ашық есік күні» іс-шарасында «Кинология» біліктілігі бойынша мамандар арнайы жұмыстарын ұсынды. Ашық есік күніне қала мектептерінен 2 күн ішінде жалпы 274 оқушы қатысты.

Жас буынға ұлттық құндылықтарын ұлықтайтын ұстаздар саналы да, сапалы білім беріп, патриоттыққа, адамгершілікке тәрбиелейтін, тағылымы терең тарихы бар, киелі білім ордасында егемен еліміздің еңсесін биік, туын құлатпайтын білімді де, білікті, бәсекеге қабілетті мамандар дайындай беретіні сөзсіз. Сондықтан, жас талапкерге сәттілік тілей отырып, біздің колледжден білім алуды, өз жолын дұрыс таңдауды ұсынамыз!

Тегтер: жас маманоқуға қабылдауталапкерТалдықорған аграрлық-технологиялық колледжі

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысы call-орталықтарының байланыс нөмірлері жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz