Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толды

Бүгін Қонаев қаласында Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай облыстық іс-шара өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
14.02.2024
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар
Фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жиынға Ауған соғысының ардагерлері, қоғамдық ұйым өкілдері, арнайы қонақтар және БАҚ қатысты.

Алдымен адагерлерді айтулы күндерімен құттықтау үшін Алматы облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Қасымов Ескелді Құдайбергенұлы сөз сөйледі.

Содан кейін,  жиынға қатысып отырған 41 ардагерге Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жылдығына орай, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі ұсынған эскиз негізінде облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайымен» жасалған медальдар табысталды.

Салтанатты шара соңында, кешегі Кеңестік дәуірде Одақ әскерлерінің Ауған жерінде болған ұрыс қимылдарына әскери борышын өтеуге барған жас сарбаз, бүгінгі күні, Іле аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлім қызметкері Бесіров Беркін Сайлауханұлы Алғыс сөз сөйледі.

Айта кетейік, елімізде шамамен 10 000-ға жуық ауған соғысының ардагері бар. Оның ішінде 1100 азамат Алматы облысында тұрып жатыр.

Отан алдындағы борышын абыроймен атқарған жерлестеріміздің  ерлігі қашан да ел есінде. Олардың өмірлері қыл үстінде тұрған сәттегі жауынгерлік бауырластығы бүгінгі ұрпаққа үлгі, ал оларға әрқашан құрмет көрсету мемлекеттің парызы болып қала бермек!

Тегтер: Ауған соғысыАуған соғысының ардагерлеріБасты жаңалықтарКеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылуы

Соңғы жаңалықтар

В Алматинской области 25 февраля включат сирены

Николай Иващенко
24.02.2026

Энергетики Алматинской области поддержали проект новой Конституции

Николай Иващенко
24.02.2026

В акимате Алматинской области прокомментировали информацию о «продаже» земли иностранцам в Алатау

Николай Иващенко
24.02.2026

Для пяти регионов Казахстана ввели лимиты на водопотребление

Николай Иващенко
24.02.2026

Касым-Жомарт Токаев принял председателя Центральной комиссии референдума

Николай Иващенко
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz