Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Кеген ауданындағы Жылысай ауылында жаңа Мәдениет үйі ашылды

Алматы облысының Кеген ауданына қарасты Жылысай ауылында ауыл тұрғындарының рухани өмірін дамытуға және шығармашылық әлеуетін арттыруға бағытталған жаңа Мәдениет үйінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
19.12.2025
Аймақ, Алматы облысы

Шараға Алматы облыстық мәслихатының төрағасы Қуат Байғожаев, Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев, Кеген аудандық мәслихатының төрағасы Алмасбек Нұғман, қоғам қайраткері, Алматы облысының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының Құрметті құрылысшысы Бексырға Данышпанов, сондай-ақ ауылдық округ әкімдері, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатысты.

Салтанатты жиынға қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, еңбек ардагерлері мен мәдениет саласының майталмандары арнайы шақырылды.

Жаңа Мәдениет үйі ауылдың рухани-мәдени өмірінің заманауи орталығына айналып, мәдени іс-шаралар өткізуге, өнер мен шығармашылықты дамытуға, мәдени бастамаларды қолдауға және жас ұрпақтың талантын ашуға мүмкіндік береді. Жоба әлеуметтік инфрақұрылымды нығайтуға, ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттыруға және ұлттық мәдени құндылықтарды сақтауға бағытталған.

Ашылу салтанаты тұрғындардың бірлігі мен ынтымағын, ортақ мақсаттарға ұмтылысын және аумақтың орнықты дамуына деген сенімін айқын көрсетті. Жылысай ауылы үшін бұл күн елді мекен тарихындағы маңызды кезеңдердің біріне айналып, мәдени дамудың жаңа белесін бастады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz