Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Кеген ауданындағы Жаңаталап ауылында жаңа медициналық пункт ашылды

2026 жылғы 6 ақпанда Алматы облысы Кеген ауданына қарасты Жаңаталап ауылында жаңа медициналық пункт пайдалануға берілді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
08.02.2026
Аймақ, Алматы облысы

Нысан «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында салынды.

Жаңаталап ауылында 630 тұрғын бар, оның ішінде 523 ересек пен 80 бала тіркелген. Бұған дейін ауыл тұрғындары медициналық көмек алу үшін аудан орталығына баруға мәжбүр болған. Жаңа медициналық пункттің іске қосылуы бұл мәселені шешуге мүмкіндік беріп отыр.

Салтанатты ашылу рәсімінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов ауылдық медицинаны дамыту тұрғындардың өмір сапасын арттырудағы маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтті.

«Бүгінгі күн – ауыл үшін ерекше маңызды оқиға. Бұл медициналық пункт тұрғындарға алғашқы медициналық көмекті жедел әрі сапалы көрсетуге мүмкіндік береді және аудан орталығына бару қажеттілігін айтарлықтай азайтады. Ауыл халқы үшін медициналық қызметтің қолжетімді болуы – біздің басты мақсаттарымыздың бірі», – деді ол.

Жаңа медициналық пунктте алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету, профилактикалық тексерулер жүргізу, вакцинациялау, ана мен бала денсаулығын бақылау, сондай-ақ созылмалы аурулары бар науқастарды диспансерлік есепке алу қызметтері көрсетіледі.

Нысан заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толық жабдықталған. Медициналық пунктте бір орта буын медицина қызметкері жұмыс істейді.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

В Алматинской области 25 февраля включат сирены

Николай Иващенко
24.02.2026

Энергетики Алматинской области поддержали проект новой Конституции

Николай Иващенко
24.02.2026

В акимате Алматинской области прокомментировали информацию о «продаже» земли иностранцам в Алатау

Николай Иващенко
24.02.2026

Для пяти регионов Казахстана ввели лимиты на водопотребление

Николай Иващенко
24.02.2026

Касым-Жомарт Токаев принял председателя Центральной комиссии референдума

Николай Иващенко
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz