Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Карасай ауданында органикалық және көміртекті егіншілікті дамытуға арналған “Дала күні” өтті

Алматы облысының Қарасай ауданында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен «Дала күні» шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2025
Аймақ, Алматы облысы

Іс-шара Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының базасында өтті. Бұл – билік, ғылым, аграрлық сектор мен халықаралық ұйым өкілдері бас қосқан маңызды диалог алаңы болды.

Басты тақырып – көміртекті егіншілік және тұрақты даму

Жиын барысында органикалық және көміртекті егіншілікті дамыту, климаттық өзгерістерге бейімделу, деградацияға ұшыраған жерлерді қалпына келтіру, экологиялық агротехнологияларды енгізу, ғылыми әдістер мен цифрлық шешімдерді пайдалану мәселелері көтерілді. Шара аясында агросаланы көміртек бейтараптығына көшіру жолдары мен «жасыл» бастамаларды ілгерілету тетіктері талқыланды.

Ғылым мен өңір тәжірибесі тоғысты

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өз сөзінде агросаясаттың ғылым мен технологияға негізделіп отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, 2024 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 679,2 млрд теңгеге жеткен. Облыс ет, өрік және құс шаруашылығы бойынша республикада алдыңғы орында тұр. Сонымен қатар суару желілерін қалпына келтіру, өңдеу кәсіпорындары мен жылыжай кешендерін дамыту, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарының табысын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр.

“Ең бастысы – жерге ұқыппен қарау, ғылым мен цифрландыруға негізделген тұрақты шешімдерді енгізу”, – деді аймақ басшысы.

Көміртекті егіншілік – қосымша табыс көзі

Жиында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов карбондық жобалардың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, жер тек өнім көзі ғана емес, көміртек секвестрациясы арқылы табыс көзіне де айнала алады. Аграршыларды осы бағыттағы тәжірибелерге ынталандыру – министрлік алға қойған басым бағыттардың бірі.

Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев Қазақстанда көміртекті секвестрациялау әлеуетінің жоғары екенін айтты. Оның дерегінше, елімізде ауыл шаруашылығы жерлерінің 90 млн гектары түрлі дәрежеде тозған. Ал 29 млн гектар жер құнарлылығын толық жоғалтқан. Қарашірік деңгейі 62–63% жерлерде өте төмен. Сондықтан көміртек полигондарын құру, көміртек қорларының цифрлық кадастрын жүргізу, геоақпараттық жүйелер мен жасанды интеллектті пайдалану арқылы нақты ғылыми шешімдер қажет.

Пікірлер мен халықаралық тәжірибе

Шараға БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ), Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) және Канададағы Альберта университетінің өкілдері онлайн қатысып, пікірлерін білдірді. Пленарлық отырыста көміртек ізін азайту, көміртек полигондарын құру, фермерлерді экологиялық тәжірибеге көшуге ынталандыру және Қазақстанның жаһандық көміртек офсеттері нарығына қатысу мәселелері кеңінен талқыланды.

Нақты қадамдар мен келешек бағыттар

Кездесу қорытындысында ғылым, бизнес және мемлекеттік құрылымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту, тұрақты ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған ұсыныстар қамтылған арнайы резолюция қабылданды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, Қазақстан жылына 535 млн тонна көмірқышқыл газын секвестрациялау әлеуетіне ие. Егер «жасыл» агропрактикалар тиімді жүзеге асса, 2050 жылға қарай көміртек офсеттері саудасынан ел экономикасына түсетін жылдық табыс 25 млрд АҚШ долларына жетуі мүмкін.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Как идет профилактика и борьба с коррупцией в системе санитарно-эпидемиологического контроля в Алматинской области за 2025 год

Николай Иващенко
03.03.2026

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz