Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Интерннен бөлім жетекшісіне дейін: жас маман мансап жайлы айтты

"Еңбек жолы" конкурсындағы номинацияның бірі – "Өндірістің үздік жас маманы". Биыл осы бағыт бойынша Іле ауданында орналасқан "Филип Моррис Қазақстан" серіктестігінде инженерлер жетекшісі болып қызмет ететін Айжан Жүнісова жеңіске жетті.

21.09.2023
Аймақ

Айжанның еңбек жолы өзі таңдаған мамандықпен байланысты емес. Десе де, жас маман темекі шығаратын зауытқа жұмысқа кіріп, жетекші лауазымына дейін көтерілген. Ол небәрі 26 жаста.

«2018 жылы интерн болып жұмысқа тұрдым. Сосын инженер болдым, оқу бағдарламасын басқардым, биыл инженерлердің жетекшісі қызметіндемін. Осылайша, 5 жыл ішінде мол тәжірибе жинап, жоғары лауазымдардың біріне жеттім», — деді Айжан Жүнісова.

Маманның сөзінше, әр жетістік аянбай тер төгудің арқасында келеді.

«Математиканы білуім өндірістегі жұмысыма көп әсер етті. Себебі, мұнда түрлі талдаулар жүргізіп, есеп-қисапқа мықты болу қажет. «Еңбек адамы» елден ерек тұлға болуы тиіс. Әлі де осы жүлдеге ие болғаныма сене алмаймын. Бірақ, өзімді еңбекқор адаммын десем, артық айтқаным емес. Өкінішке орай, жас мамандар кәсіпорындарда жұмыс істегісі келмейді. Олар онлайн немесе кеңседегі қызметке құмар. Өндіріс саласына көп қызығушылық жоқ», — деді маман.

Сонымен қатар Айжан Жүнісова «Еңбек жолы» конкурсы туралы пікірін білдірді. Айтуынша, осындай байқаулар арқылы балаларды, жасөспірімдерді еңбекке баулуға болады әрі халық түрлі мамандық жайлы ақпарат алады.

Жетекші қыздың әріптестері болса, Айжанның аз уақыт ішінде өзін-өзі дамытып, білікті қызметкер атанғаны кез келген адамның қолынан келмейтінін айтты. Олар маманның әртүрлі саланы меңгере алатынына сенімді.

Тегтер: Алматы облысыжас маман

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысы call-орталықтарының байланыс нөмірлері жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz