Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Инклюзивті мәдениет: Алматыда «Жүректен жүрекке» фестивалі өтті

Алматыда ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған «Жүректен жүрекке» инклюзивті шығармашылық фестивалі ұйымдастырылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
14.12.2025
Аймақ, Алматы облысы

Мейірімділікке, бірлікке және тең мүмкіндіктерге негізделген фестиваль Алматы қаласының әкімдігі, «Ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары одағы» және «Qazaq Community Development» қоғамдық қорының бірлескен ұйымдастыруымен өткізілді. Іс-шараның бас демеушісі – «Project Stroy and Controls» ЖШС. Сондай-ақ фестивальді ұйымдастыруға Ерсай Даулетқызы мен Елдос Накипов қолдау көрсетті.

Фестиваль барысында Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатов бұл бастаманың қоғам үшін маңызын атап өтіп, алдағы уақытта шараны республикалық деңгейде өткізу жоспарланып отырғанын жеткізді.

Іс-шара аясында өнер көрсеткен барлық балаларға жан-жақты қолдау көрсетіліп, Алматы қаласы әкімінің орынбасары атынан алғыс хаттар мен ақшалай сыйақылар табысталды. Сонымен қатар TAMGA HOLDING компаниясы тарапынан естелік сыйлықтар берілді.

«Ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары одағының» төрайымы Рауана Сағадиеваның айтуынша, фестиваль төртінші жыл қатарынан өткізіліп келеді және ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдауға бағытталған.

Фестивальге белгілі блогерлер Алия Байтугаева, Серикжан Тлеулесов, Марат Жапаров және Ерсай Даулетқызы қатысты. Қонақтар балалардың өнеріне жоғары баға беріп, олардың батылдығы мен шығармашылық әлеуетін ерекше атап өтті.

Фестиваль көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың өнері мен мүмкіндіктерін кеңінен танытқан маңызды әлеуметтік бастамаға айналды.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz