Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Іле ауданында «Бент» зауытының тағы бір бағыты іске қосылды

Бүгін "Бент" АҚ-ның автоклавты газоблоктар өндіріс зауыты ашылды. Салтанатты шара "Республика күні" мерекесіне орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

21.10.2022
Аймақ
Фото: Alataunews.kz/Ақерке Жұмағазықызы

Фото: Alataunews.kz/Ақерке Жұмағазықызы

КазЦик ауылында орналасқан өнеркәсіп орынының жаңа бағытын Іле ауданы әкімі Бағдат Қарасаев пен зауыт президенті Дінмұхамед Кузиев іске қосты.

«Іле ауданында 21 ірі және орта өндіріс ошақтары бар. Аталған «Бент» зауыты солардың қатарына кіреді. Бұл жердегі өндіріс жүйесі толық цифрландырылған. Ал әлеуметтік салаға тоқталар болсақ, қызметшілер үшін қолайлы жағдай жасалған. Жұмысшыларды тасымалдау, тамақтандыру, мерекелер қарсаңында сыйақы беру, бонустық төлемдер — барлығы да жолға қойылған», — деді аудан әкімі Бағдат Қарасаев.

Фото: Alataunews.kz/Ақерке Жұмағазықызы
Фото: Alataunews.kz/Ақерке Жұмағазықызы

Оның айтуынша, «Тәуелсіздік күні» мерекесіне қарай, зауыттың өзіндік оқу орталығы ашылады. Ол жерде 100 адам басқа ЖОО-да оқытпайтын мамандықтарды игеретін болады.

«Бент» АҚ 1991 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Біздің фирма ҚР-дағы темірбетон шпалдарын шығаратын ең ірі зауыт. Серіктестіктің негізгі тапсырыс берушісі — «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы», — деді зауыт президенті Дінмұхамед Кузиев.

Фото: Alataunews.kz/Ақерке Жұмағазықызы

Басшының сөзіне сүйенсек, серіктестікте бұған дейін 250 адам жұмыс істеген және зауытқа қарасты «Standlad» құрылыс зертханасында 60 адам қызмет еткен. Бүгінгі ашылған жаңа бағытта қосымша 100 адам жұмыспен қамтылды.

Фото: Alataunews.kz/Ақерке Жұмағазықызы

«Автоклавты газоблоктар шығаратын өндіріс кешенінің жылдық қауқары — 100 мың тонна. Жаңа бағыттың ашылуына құйылған инвестиция көлемі — 2 млрд теңге. Соның ішінде, мемлекеттік «Даму» жобасы бойынша 580 млн теңгені 6 пайыздық жеңілдетілген несиемен алдық», — деді серіктестік басшысы.

Дінмұхамед Кузиевтің ақпаратына қарағанда, қыстыгүні ашылатын оқу орталығында 10 мамандық бойынша білім беріледі. Бұл жерге кез келген жұмыссыз тіркеліп, оқуына мүмкіндік бар. Олар «Бент» зауытына жұмысқа орналаспаса да, басқа жерде қызмет ете алады.

Фото: Alataunews.kz/Ақерке Жұмағазықызы
Фото: Alataunews.kz/Ақерке Жұмағазықызы
Фото: Alataunews.kz/Ақерке Жұмағазықызы
Тегтер: ЖСШІле ауданы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz