Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Іле ауданында «Бәріміз біргеміз» атты спорт сайысы өтті

Өтеген батыр кентіндегі бұл додада жалпы саны 50-ден астам мүмкіндігі шектеулі балалар өзара бақ сынасты. Аталған шара "Республика күніне" орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

23.10.2022
Аймақ
Ашық дереккөзден

Ашық дереккөзден

Бұл сайыс облыстық жасөспірімдер спорт мектебінде өтті.

«Мұндай іс-шараларды өткізудің басты мақсаты — мүгедектігі бар жеткіншектерді қоғаммен етене жақын араластыру, спортқа бейімдеу, көңілдерін көтеру. Сонымен қатар балаларға бас-көз боп отырған ата-ана да осындай сайыстарда бой жазып, рухани демалып қалатыны сөзсіз», — деді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы Жұмагүл Әйтенова.

Балақайлар мен олардың ата-аналары «Кім жылдам?», «Паравоз», «Мерген», «Үлкен дөңгелек», «Арқан тартыс», «Кім епті» секілді 8 кезең бойынша бар күштерін салып, жарысты.

«Бүгінгі өткен іс-шараны ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз. Осындай сайыстар үнемі өтіп жатады. Балалар арасындағы бәйге өте жоғары деңгейде болды. Олардан бөлек, өзіміз де бір марқайып қалдық», — деді Байсерке ауылының тұрғыны Айнұр Бәкенова.

Жарыс соңында жеке және топтық додада өнерлерін ортаға салған барлық қатысушыларға медальдар мен тәттіге толы қорапшалар табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz