Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

І Халықаралық медиа және туризм форумы туралы тілшілер пікірі қандай?

Өздеріңізге белгілі, кешелі бері Алматы облысында ауқымды шара - І Халықаралық медиа және туризм форумы өтіп жатыр. Осыған орай, жергілікті тілшілер басқа өңірлерден келген журналистердің пікірін білді.

22.07.2023
Аймақ

Алғаш болып пікір білдірген ақтөбелік әріптес — жергілікті медиа холдинг директоры Раукен Отыншин Алматы облысының туристік әлеуеті зор екенін айтты.

«Қазақстанда туризм саласы кенжелеп тұрғаны жасырын емес. Оның үстіне, туристік орындар аздау, бар болғанның күннің өзінде, қазақстандықтар елімізді аралай бермейді. Десе де, біз осы форумның аясында Түргеннің төріне, Көлсай көліне, Шарын шатқалына барып, облыстың туристік әлеуеті зор екеніне көзімізді жеткіздік. Көрікті жерлерді аралап, көзайым болдық. Мұндай шаралар көптеп ұйымдастырылсын деу артықтау, бірақ, тілшілердің бас қосып тұруы керек-ақ», — деді медиа холдинг басшысы.

Раукeн Отыншиннің сөзінше, туристік инфрақұрылымды дамыту керек. Әйткенмен, кейде байланыссыз жерге кетіп, табиғатпен тілдескен де адамға оң әсер етеді, рухани демалдырады.

«Облыс әкімі инфрақұрылымды дамыту қажет деп отыр. Ол үшін тез іске кірісу керек. Дегенмен, мұнда мына бір мәселені ескеру де қажет секілді — Монғолияның қу даласына, ол жерде ғаламтор да, байланыс та жоқ, демалушылар ағылып жатады. Қазіргі жаһандану заманында бар ақпараттан, әлеуметтік желіден бір уақыт болса да, демалған жөн. Жалпы Қазақстан аумағында тарихи орындар да, табиғаты тамаша да жерлер көп. Әлі де туризм дамуына күш салу керек. Ол мәселелер бүгін талқыланады. Ауқымды шараны ұйымдастырушыларға, облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне алғысымды білдіремін», — деді ақтөбелік әріптес.

Сондай-ақ қызылордалық әріптес Мақсұт Ибрашев та пікірін білдірді.

«Үйге жақсы әсер алып қайтып бара жатырмыз. Әрине, туризмнің медиасыз дамымайтыны, алға қадам баспайтыны сөзсіз. Алматы облысына 100-ден аса журналист келсе, жүзден астам пікір болады, олар түрлі ақпарат таратады. Бұл өз кезегінде облыстың әлеуетін арттырады. Осы орайда, туризмді дамыту үшін ұлттық дәстүрлерімізді, тағамдарымызды, салт-санамызды насихаттай отырып ілгері жылжытуымыз қажет екенін айта кеткен жөн. Кеше бұл тәжірибе Көлсай көлдері аумағында қолданылатынын білдік. Енді туризм туралы жазған журналистер арасында конкурс өтеді. Ол бастаманы облыс әкімі де қолдады», — деді Мақсұт Ибрашев.

Ал Созақ ауданынан ат басын бұрып, форумға қатысқан Сәрсенбек Теңізбаев болса, Түркістан облысы мен Алматы облысының айырмашылығы ауа райында ғана екенін байқапты. Айтуынша, халықтың әлеуметтік жағдайы да, тыныс-тіршілігі де бірдей.

«Созақ ауданы 320 әулиелі мекені бар болғанымен ерекшеленеді. Қазақстанның түкпір-түкпірінде мұндай тарихи орындар көп қой. Бізде де туризм саласын дамыту туралы түрлі семинарлар өтеді. Бірақ, Халықаралық деңгейде форум ұйымдастырылған емес. Түркістан — екінші Мекке саналады. Облыс орталығы болғалы бері құрылыс қарқын алып, қалаға ерекше өң кірді, демалушылар саны жылдан-жылға көбейіп жатыр. Қонаев қаласы да сондай қарқынмен дамиды деген ойдамыз», — деді «Созақ үні» газетінің бас редакторы.

Бұдан бөлек, журналистер өздерінің Инстаграм және фейсбук парақшаларында түрлі ақпар жариялап жатыр.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Қазақстан Республикасының Конституциясына қол қойды

Мөлдір Иманмади
17.03.2026

Алматы облысында Наурыз жаңа форматта өтеді

Мөлдір Иманмади
17.03.2026

Фото: Дамир Нұрқасым

Қонаевта мұғалімдердің цифрлық дағдыларын дамытуға арналған тәжірибелік алаң өтті

Мөлдір Иманмади
17.03.2026

Тоқаев туризм мен балалар спортын қолдауға арналған заңға қол қойды

Қорлан Нұрланқызы
17.03.2026

Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Қорлан Нұрланқызы
17.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz