Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Халықтық штаб Қонаев қаласында дәрігерлердің АЭС-ке қатысты сұрағына жауап берді

Мөлдір Иманмади
13.09.2024
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Штаб мүшелері заманауи атом энергетикасы саласындағы халықаралық тәжірибе мен стандарттарға сай технологиялар туралы түсініктеме беріп, медицина қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.»AMANAT» партиясының атсалысуымен құрылған Халықтық штабтың аймақтағы өкілдері өңірде халықпен кездесуді жалғастырып жатыр. Міне, сондай кездесудің бірі бүгін Қонаев қаласында өтті. Кездесуде атом электр станциясының жобасы, оның техникалық сипаттамалары және қауіпсіздік шаралары талқыланды, — деп хабарлайды Alataunews.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Штаб мүшелері заманауи атом энергетикасы саласындағы халықаралық тәжірибе мен стандарттарға сай технологиялар туралы түсініктеме беріп, медицина қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.

«Біз атом электр стансасының заманауи технологиялары мен қауіпсіздік шараларын түсіндіру үшін осындай кездесулерді ұйымдастырамыз. Бұл жоба елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған және халықтың пікірі өте маңызды. Сондықтан барлықтарыңызды 6 қазанда өтетін республикалық референдумға қатысып, өз таңдауларыңызды жасауға шақырамыз»,-деді Халықтық штаб мүшесі Ерлан Жакупов.

Кездесу барысында атом электр стансасының жобалау, салу және пайдалану кезеңдерінде сақталатын қауіпсіздік шаралары егжей-тегжейлі баяндалды. Штаб өкілдері қазіргі заманғы реакторлардың пассивті қауіпсіздік жүйелері мен радиациялық бақылау әдістері туралы мәліметтерді ұсынып, қызметкерлердің қызығушылықтарын қанағаттандырды. Референдумға қатысудың ел болашағы үшін маңыздылығы да ерекше атап өтілді.

Тегтер: аэс

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz