Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Ғани Майлыбаев – Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Алматы облысы әкімінің өкімімен Ғани Айдарұлы Майлыбаев 2025 жылғы 3 қазаннан бастап Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
06.10.2025
Аймақ, Алматы облысы

Жаңа орынбасардың мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі мол тәжірибесі бар.

Білімі мен еңбек жолы

Ғани Айдарұлы 1987 жылы туған, білімі жоғары.

2008 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2010 жылы аталған оқу орнында «құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша магистр дәрежесін қорғаған.

Кейін, 2018 жылы Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында «аймақтық және муниципалды басқару» мамандығы бойынша білімін жетілдірген.

Еңбек жолын 2008 жылы Алматы қаласындағы «Нұр Отан» партиясының Бостандық аудандық филиалының есеп және статистика секторының меңгерушісі ретінде бастаған.

Мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі

Кейінгі жылдары Ғани Майлыбаев Алматы қаласы «Нұр Отан» партиясының Алатау аудандық филиалының заңгер-консультанты, Медеу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасарықызметтерін атқарған.

Бұдан соң Алматы қаласы Медеу және Наурызбай аудандары әкімдерінің орынбасары, сондай-ақ Жамбыл облысы туризм басқармасының басшысы лауазымдарында еңбек етті.

2020 жылдың желтоқсан айынан бастап Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы болып қызмет атқарды.

Жаңа міндет өңірдің мәдени және әлеуметтік дамуын жандандыру

Ғани Айдарұлы Алматы облысы әкімінің орынбасары ретінде өңірдің мәдениет, туризм және ішкі саясатсалаларының дамуына жауапты болады деп күтілуде.

Мамандардың пікірінше, оның тәжірибесі мен заманауи басқару тәсілдері облыстың әлеуметтік-мәдени әлеуетін арттыруға жаңа серпін береді.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz