Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Еңбекшіқазақ ауданының әкімі өз еркімен жұмыстан кетті

Бүгіннен бастап Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Алтай Досымбаев денсаулығына байланысты  өз еркімен жұмыстан кетті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
05.03.2024
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар
Фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жариялады.

«Бүгіннен бастап мен, денсаулығыма байланысты өз еркіммен Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің қызметінен кету жөнінде шешім қабылдадым.
Баршаңызға мәлім, ауданымызға 45 жылдан аса еңбек еткенім сөзсіз.
Бала күннен басты арманым – елдік мүдде жолында еңбек ету, ұлтымды ұлы істерге жұмылдыруға ұйытқы болсам деуші едім. Шүкір, ол күнге де жеттім. Әкенің қаны, ананың сүтінен дарыған еліме, жеріме, кіндік қаным тамған туған атамекеніме қызмет қылуды Жаратқан маңдайыма жазды. Артымнан еріп, шындалған жүзден аса мемлекеттік қызметшілерді тәрбиелеп өсіргеніме қуанам. Себебі, олар «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» екенін бойларына сусындаған жалынды жастар, менің үмітімді ақтап, еш өкінішсіз қызметтен кетуге кепілдік боларына сенемін!
Алтын адам мекені, Еңбекшіқазақ ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық ахуалының қалыпты дамуына тамшыдай болса да өз үлесімді қостым деп ойлаймын. Әрбір жеткен жетістіктеремізге бірге жеттік, бірге бағындыра білдік», — деп жазды Алтай Досымбаев өз парақшасында.

Сонымен қатар, аудан тұрғындарына, жерлестеріне және әріптестеріне ризашылығын білдіре отырып, мықты денсаулық, еңбектеріңізге толағай табыстар, отбасыларыңызға амандық тіледі.

Еске салайық, alataunews.kz бұған дейін инсайдерлердің хабарлауынша, жақын арада Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Алтай Досымбаев өз қызметінен кетуі мүмкін екенін хабарлаған болатынбыз. Бұл шешім ауданда біраз өзгерістер тудыратыны сөзсіз.

Тегтер: Алматы облысыАлтай ДосымбаевәкімБасты жаңалықтарЕңбекшіқазақ ауданының әкіміөз еркімен жұмыстан кету

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы бастаған үш қалада баспана бағасы күрт өсті – сарапшылар не дейді?

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Наурыз айындағы демалыс кестесі жарияланды: 13 күндік демалыс күтіп тұр

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған концерт өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында 25 ақпанда дабыл сиренасы іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz