Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Еңбекшіқазақ ауданында лимон өсіретін заманауи жылыжай ашылды

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Ават ауылында лимон ағашын өсіруге арналған заманауи жылыжай кешені жұмысын бастады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
13.01.2026
Аймақ, Алматы облысы

Бұл – аудан аумағында алғаш рет жүзеге асырылып отырған жоба. Бір гектар аумаққа салынған кешен алғашқы өнімін екі жылдан кейін бермек, ал толық қуатына шыққан кезде жылдық өнім көлемі бірнеше тоннаға жетуі мүмкін.

Жобаның бастамашысы – кәсіпкер Юрий Паскалов. Ол өткен жылдың көктемінде бір гектар жерге жылыжай кешенін салып, 1200 түп лимон көшетін отырғызған. Жобаға шамамен 500 миллион теңгеге жуық жеке қаражат инвестицияланған. Жылыжай кешені заманауи талаптарға сай салынған және жыл бойы тұрақты температураны ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Жылыжайдың басты ерекшелігі – жылдың төрт мезгілінде де жабық режимде жұмыс істеуі. Қыстың қақаған аязында ішкі температура тұрақты сақталса, жаздың аптап ыстығында салқындықты қамтамасыз ететін арнайы құрылғылар орнатылған. Мұндай технология лимон ағаштарының дұрыс өсіп-жетілуіне және сапалы өнім алуына қолайлы жағдай жасайды.

Кәсіпкердің айтуынша, кешен екі жылдан кейін ғана өнім бере бастайды. Алғашқы кезеңде әр түп лимон ағашы 25–30 килограмға дейін жеміс береді. Ағаш толық жетілген кезде бұл көрсеткіш 100 килограмға дейін жетуі мүмкін.

«Бұл көшеттерді Шымкент қаласынан алдырттық. Қазіргі уақытта жылыжайда тамшылатып суару технологиясы қолданылады. Кешен көгілдір отын арқылы бірқалыпты температурада жылытылады. Қазір екі көмекшім бар. Егер күтіп-баптау талапқа сай жүргізілсе, екі жылдан кейін алғашқы өнімін аламыз», – дейді кәсіпкер Юрий Паскалов.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, көктем мезгілінде жылыжай кешеніне апаратын жол қайта жөндеуден өтеді. Сонымен қатар, өнім нарыққа шыққаннан кейін оны субсидиялау мәселесі де қарастырылмақ.

Момынжан Исламов, Ават ауылдық округінің әкімі:
«Өнім алынып, нарыққа шыққаннан кейін мемлекет тарапынан субсидиялау мүмкіндігі қарастырылады. Бұл – бір жылдық жоба емес. Шаруа қожалық ретінде кәсіпкерге өзге де мемлекеттік қолдау тетіктері көрсетіледі. Алдағы уақытта жобаны кеңейту жоспары бар», – деді Ават ауылдық округінің әкімі Момынжан Исламов.

Қазіргі таңда кәсіпкер лимон өсіретін жылыжай кешенінің аумағын алдағы уақытта 5 гектарға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Жоба ауыл шаруашылығын дамытуға, импортты алмастыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға оң ықпал етеді деп күтілуде.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz