Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Еңбекшіқазақ ауданында ірі өндірістік жоба жүзеге асуда

Еңбекшіқазақ ауданында жаңа өндіріс орнының құрылысы ресми түрде басталды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
30.09.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданында ауыл шаруашылығы саласы үшін стратегиялық маңызы зор өндіріс орнының құрылысы басталды. Жаңа зауытты толықтай қазақстандық инвесторларға тиесілі «Qazaq Global Food JV» ЖШС іске асыруда. Бұл жоба өңір экономикасына серпін беріп, жергілікті фермерлерді қолдауға бағытталған.

Кәсіпорын жергілікті шаруалардан алма түсімі мен қызанақты сатып алып, оларды қайта өңдеу арқылы алма концентраты мен томат пастасын өндіреді. Дайын өнімнің 100%-ы оффтейк келісімдері негізінде экспортталады.

Бұл мақсатта жоба ұйымдастырушылары Түркияның жетекші компанияларының бірі Göknur Gida-мен ұзақ мерзімді әріптестік орнатты. Шетелдік серіктес қазақстандық өнімді экспорттау бойынша стратегиялық оператор ретінде әрекет етеді. Мұндай келісім жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерінің халықаралық нарықтарға кедергісіз шығуына мүмкіндік береді.

Зауыттың іске қосылуы:

  1. Жергілікті фермерлер үшін тұрақты өткізу нарығын қамтамасыз етеді;
  2. Жаңа жұмыс орындарын құрады;
  3. Азық-түлік қауіпсіздігін нығайтады;
  4. Өңір экономикасына жоғары қосылған құн әкелетін өнімдер шығаруға жағдай жасайды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев агроөнеркәсіп кешенінің ел экономикасындағы маңызына тоқталып, бұл сала экономикалық өсудің негізгі қозғаушы күшіне айналуы тиіс екенін атап өткен болатын. Жаңа өндіріс осы стратегиялық бағытқа толықтай сәйкес келеді.

Жобаның көрсеткіштері

  • Инвестиция көлемі: шамамен 20 млн АҚШ доллары немесе 9,5 млрд теңге;
  • Іске қосу мерзімі: 30 сәуір 2026 жыл;
  • Өндірістік қуаттылық:
  • Алма концентраты – жылына 40 000 тонна;
  • Томат пастасы – жылына 30 000 тонна;

Орналасқан жері: Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Тескенсу ауылдық округі.

Жобаның жүзеге асуы Қазақстанның агроөнеркәсіптік әлеуетін арттырып қана қоймай, өңірлік дамудың жаңа кезеңін бастайды. Жергілікті шаруалардың өнімдері енді халықаралық нарықтарға жол тартып, отандық брендтің беделін күшейтпек.

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz