Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Еңбек адамы – қоғамның тірегі»: бұл күн елге несімен маңызды?

Қазақстан Республикасының Президенті 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялаған болатын. Бұл бастама еңбек адамының мәртебесін көтеріп, олардың қоғамдағы орнын айқындауға бағытталған маңызды қадам болды. Себебі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы ең алдымен қарапайым адамдардың адал еңбегіне сүйенеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
26.09.2025
Аймақ, Алматы облысы

Неліктен Еңбек күні маңызды?

Еңбек күні – ең алдымен, қарапайым еңбектің қадірін дәріптейтін, еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін көтеретін мереке. Бұл күнде қоғамға сүбелі үлес қосып жүрген жұмысшылар, еңбек әулеттері мен жас мамандар лайықты марапатқа ие болады.

19 қыркүйекте Алматы облысында Еңбек күніне арналған салтанатты шара өтті. Талғар ауданындағы Мәдениет үйінде ұйымдастырылған мерекеде «Еңбек жолы», «Парыз – 2025» байқауларының жеңімпаздары, еңбек ардагерлері және жұмысшы мамандықтарының үздік өкілдері марапатталды. Оларға дипломдар, алғыс хаттар, облыс әкімі атынан алғыс білдіретін хаттар және ақшалай сертификаттар табысталды.

Адал еңбек – ұрпаққа үлгі

Іс-шара барысында үздік еңбек әулеттері марапатталды. Соның ішінде Іле ауданындағы «Алель Агро» АҚ-да еңбек етіп келе жатқан Әбдірахмановтар әулеті бар.

«Еңбек – біздің әулет үшін басты құндылық. Әкеміз бен аталарымыз еңбекқорлықты өмірлік ұстаным етіп, бізге үлгі көрсетті. Біз қазір сол жолды жалғастырып келеміз. Осындай марапат – тек біздің әулетімізге емес, барлық еңбек адамына көрсетілген құрмет деп білемін», – деді Әбдірахмановтар әулетінің үлкені.

Бұл сөздер еңбек әулеттерінің ұрпақтар сабақтастығын сақтап, адал еңбекті ұлықтап келе жатқанын дәлелдейді.

Салтанатта Талғар ауданы әкімінің орынбасары Айбек Бидаев еңбек адамдарын құттықтап, оларға алғыс айтты.

«Баршаңызды еңбек пен бірліктің мерекесі – Еңбек күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке – маңдай терімен ел дамуына үлес қосып жүрген әрбір азаматтың күні. Бүгінгі марапат иелері – өз еңбегімен өңірдің дамуына зор үлес қосқан жандар. Сіздердің еңбектеріңіз – жас ұрпаққа үлгі, ал жетістіктеріңіз – қоғамымыздың өркендеуіне жол ашатын құндылық», – деп атап өтті.

Қоғам үшін ортақ құндылық

Мереке аясында «Керуен» жобасы, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі, студенттердің флешмобы мен кәсіби шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Мемлекеттік грант иегерлері өз бизнес-жобаларын таныстырып, еңбек нарығына жаңа серпін берді. Жалпы шараларға 400-ден астам адам қатысып, 500-ге жуық бос жұмыс орны ұсынылды.

Бұл бастамалар еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін көтеріп қана қоймай, жастарға жаңа мүмкіндіктер ашты, кәсіби бағдар берді және еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты үйлестіруге нақты үлес қосты.

Еңбек күні – ең алдымен, еңбек адамына тағзым ету күні. Бұл мереке арқылы әрбір жұмысшының еңбегін бағаланып, олардың қоғам дамуына қосқан үлесі мойындалады. Адал еңбегімен елге үлгі болған жандар – мемлекеттің нағыз тірегі.

 

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz