Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Энергетика саласында 10 жылдан астам уақыт қызмет еттім — Еңбек адамы

Биыл жылдағы дәстүр бойынша Алматы облысында "Еңбек жолы" республикалық конкурсына қатысу үшін өңірлік байқаудың жеңімпаздары анықталды.

21.09.2023
Аймақ

Бұл байқау үш номинация бойынша өтті:

• Үздік еңбек әулеті
• Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері
• Өндірістің үздік жас маманы.

Осы номинацияларға сәйкес, биыл Кеген ауданындағы Мойнақ ГЭС-те қызмет ететін Думан Салимахунов «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» атанды.

Думан Салимахунов 1981 жылы ақпаннаның 22-сі күні Кеген ауылында дүниеге келген. 2006 жылы Алматыдағы Энергетика және байланыс университетін электроэнергия және электростанция мамандығын тәмамдаған.

Ол 2009 жылы ГЭС-те құрылыс қарқынды жүріп тұрғанда жұмысқа кірген. Арада екі жыл өткен соң орталық басқару пунктінде ауысым бастығы лауазымына қабылданған. 2011 жылы Думан Салимахунов Қытайға барып, тәлім алып, мамандармен тәжірибе алмасып келген. Себебі, осы ГЭС-тің баламасы күншығыс елінде орналасқан. Сонымен қатар маман Қапшағай ГЭС-те іс-тәжірибеден өтіп, білімін жетілдірген.

«Негізінен ГЭС-тің тоқтаусыз жұмыс жасауын қадағалап отырамын. Электроэнергияның бастапқы өндіріліп шығатын жері болғандықтан, бұл жер маңызды стратегиялық нысанның қатарына кіреді», — дейді маман.

Сәйкесінше, мұнда қауіпсіздік ережелері қатаң сақталуға тиіс әрі жауапкершілік те жоғары. Бірақ, Думан Салимахунов тәртіпке бағыну, белгілі ережелермен өмір сүру — қалыпты дағдыға айналғанын алға тартып отыр.

«Құрылғылардың барлығы заманауи үлгіде жасалған, жаңартылған. Жұмысымыз — таза, тыныш, жинақы. Бұл жерде қызмет еткен өзіме ұнайды. Өйткені, мен отбасыммен ГЭС-тің маңынан салынған Энергетиктер ауылында тұрамын. Бала-шағамыздың мектепке барып-келуі, балабақша, қыстыгүні үйдің жылуы, қызметкерлердің жұмысқа тасымалы — бүкіл мәселеміз шешілген. Жұбайым екеуміз 1 қыз, 2 ұл тәрбиелеп отырмыз», — деді Думан Салимахунов.

Сондай-ақ ол жас мамандарды жетектеп жүріп, тәрбиелеп, әр агрегаттың, құрылғының қалай жұмыс істейтіні жайлы үйреткенін айтты. Осы уақытқа дейін ол 15-тен астам маманға білім беріп, оларды емтиханнан өткізген.

Думан Салимахунов ұжымның ортасында біліктілігімен, алғырлығымен көзге түскен. Әріптестерінің арасында сыйлы, аса құрметке ие. Оның мұндай қасиеттері жайлы қызметтес достары сөз етті.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

«Все филиалы вузов в Казахстане призваны способствовать повышению конкурентоспособности в сфере высшего образования» — президент в Алматы

Николай Иващенко
19.03.2026

В Конаеве ведется строительство системы очистки сточных вод

Николай Иващенко
19.03.2026

Системная работа в рамках проекта «Алатау аманаты»

Николай Иващенко
19.03.2026

Декада Наурызнама в Алматинской области: какие мероприятия пройдут в ближайшие дни

Николай Иващенко
19.03.2026

В Алматинской области врачи спасли жизнь 64-летнему пациенту с тяжелой сосудистой патологией

Николай Иващенко
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz