Синоптиктердің мәліметінше, шығыс және орталық өңірлерде қатты жаңбыр жауады.
Солтүстік және орталық аймақтарда жаңбыр қарға ұласуы мүмкін.
Оңтүстік пен шығыста найзағай ойнап, кей жерлерде бұршақ жаууы және желдің екпіні күшеюі ықтимал.
Еліміздің батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика көлемінде түнде және таңертең тұман түсіп, желдің күшеюі болжануда.
Түнде –3°С дейін үсік жүреді
Кей өңірлерде ауа температурасы күрт төмендеп, үсік жүру қаупі бар.
Атап айтқанда:
Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде,
Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде,
Қостанай облысында,
Ақтөбе облысының солтүстігінде,
Павлодар облысында түнде ауа температурасы –3°С дейін төмендеуі мүмкін.
Өрт қаупі жоғары аймақтар
Батыс Қазақстан облысының солтүстігі,
Атырау облысының солтүстік-шығысы,
Маңғыстау облысының солтүстігі мен оңтүстік-шығысы,
Ақтөбе облысының оңтүстігі – бұл өңірлерде жоғары өрт қаупі сақталады.
Ал Түркістан, Қызылорда облыстарында және Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Ұлытау облыстарының кей аймақтарында аса жоғары өрт қаупі күтіледі.
Астана мен Алматыдағы ауа райы
Елордада бүгін аспанды бұлт басып, ауа температурасы түнде +1°С, күндіз +4°С шамасында болады.
Алматы қаласы мен Алматы облысында найзағайлы жаңбыр жауады.
Түнгі температура +14°С, күндіз +26°С дейін көтеріледі.
Мамандар алдағы күндері ауа райы құбылмалы болып, әсіресе солтүстік және шығыс өңірлерде күрт өзгерістер орын алуы мүмкін екенін ескертеді.
Тұрғындарға жолда және табиғат аясында сақтық шараларын қатаң сақтауға кеңес беріледі.





