Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

DJ King Macarella Қонаевта өткен фестиваль жайлы пікірін ашық айтты

"Мың бояулы аспан" фестивалі халықаралық деңгейде өтті. Себебі, қазақстандық әншілер ғана емес, шетелдік сахна саңлақтары Қонаевта өнер көрсетті.

24.07.2023
Аймақ

Тілшілер бірінші күні тұрғындар пікірін білсе, кеше өзбекстандық Dj King Macarella-ның пікірін біліп, кешкі концертке қатысып қайтты.

Өнерпаздың айтуынша, фестиваль жоғары деңгейде өтіп, оған қазақстандық көрерменнің қолдауы ерекше әсер еткен.

Фото: Ақерке Жұмағазықызы

«Қазақстанның үлкен сахнасына бірінші рет шығып тұрмын. Бұған дейін клубтарда ғана болғанмын. Ұйымдастырушылардың керемет шараға шақырғанына алғыс айтамын. Әуе шарлары да ұшты, әдемі болды барлығы. Халықтың энергетикасы да мықты әсер етті. Сахнада өнер көрсету маған ләззат сыйлады. Қайта шақырса келуге әзірмін, ол туралы ойлаудың да қажеті жоқ. Қазақстан дами берсін!» — деді диджэй.

Бұдан бөлек, шараның соңғы күні Қонаевта Umberto Project, Luxury Band асқақтата ән шырқады.

Фото: Ақерке Жұмағазықызы

Фестивальдың екінші күнінде ойын-сауық конкурстары, спорттық эстафета, цирк, биден шеберлік сағаты өткенін де айта кетейік.

22 шілде әуе шарларын тамашалап, көңіл көтеру үшін 40 мың адам жиналса, 23 шілде күні де олардың қарасы аз болмады. Тіпті, сахнада бір жігіт өзінің сүйіктісіне тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады.

Фото: Ақерке Жұмағазықызы

Тәртіп сақшылары, медицина қызметкерлері, өрт сөндірушілер екі күн бойы кезекшілікте адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырды. Сонымен қатар жол қозғалысын реттеуші мамандар да дамыл қақпай жұмыс істеді.

Шара Мирас Жүгінісовтің әнімен және отшашумен өз мәресіне жетті.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтармың бояулы аспанфестиваль

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Қазақстан Республикасының Конституциясына қол қойды

Мөлдір Иманмади
17.03.2026

Алматы облысында Наурыз жаңа форматта өтеді

Мөлдір Иманмади
17.03.2026

Фото: Дамир Нұрқасым

Қонаевта мұғалімдердің цифрлық дағдыларын дамытуға арналған тәжірибелік алаң өтті

Мөлдір Иманмади
17.03.2026

Тоқаев туризм мен балалар спортын қолдауға арналған заңға қол қойды

Қорлан Нұрланқызы
17.03.2026

Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Қорлан Нұрланқызы
17.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz