Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

БҰҰДБ облыстағы орман шаруашылықтарын техникамен қамтыды

Бүгін БҰҰ Даму бағдарламасының өкілдері Ұйғыр ауданындағы орман шаруашылығына өрт сөндіруге арналған киімдер, сексеуіл егуге арналған техника және қосымша құрал-жабдықтар табыстады.

30.03.2023
Аймақ
Фото: Аслан Қажеке

Фото: Аслан Қажеке

Шарада облыстық табиғи ресурстар басқармасының басшысы Қанат Ақылұлы өңірде орман алқаптарын кеңейту және өртке қауіпті кезеңде сақтану мақсатында атқарылып жатқан істер жайлы айтты.

«Алматы облысында 7 орман шаруашылығында 9 өрт сөндіру стансасы бар. Қазіргі таңда өңір басшысының қолдауымен қосымша құралдар сатып алынып, шаруашылықтар жабдықталып жатыр», — деді Қанат Ақылұлы.

Фото: Аслан Қажеке

Басқарма басшысының айтуынша, облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев биылғы жылдың 1 наурызынан бастап бұл салаға 59 штаттық бірлік бөлген. Аталған шешім өрт сөндіру стансаларының және орман күзеті мамандарының артуына, олардың сапалы қызмет етуіне өз септігін тигізбек.

«Тиісті министрліктің Жарлығына сәйкес, наурыздың аяғында облыста өртке қауіпті маусым басталды. Осы маусым өткенше 14 өрт сөндіру техникасы жұмыс жасайтын болады. Жалпы Алматы облысы техникамен 80% қамтылған. Бұл басқа аймақтардан қарағанда жақсы көрсеткіш. Ал облыстағы орман өртіне қауіпті үш аудан бар. Олар: Балқаш, Іле, Ұйғыр аудандары», — деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ ол облыста егілетін ағаштар мен тұқымдардың 70-75 пайызы жерсініп, жайқалып, жасылданатынын да тілге тиек етті.

БҰҰДБ өкілдерімен тілдескен Қанат Ақылұлы оларға білдірген қолдауы үшін алғысын айтып, облыс әкімдігінің әрдайым әріптестікке дайын екенін жеткізді.

 

Фото: Аслан Қажеке
Фото: Аслан Қажеке
Тегтер: Алматы облысыорман шаруашылығы

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz