Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Бүгін түнде Алматы облысында үсік жүреді

Синоптиктер 20 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды alataunews.kz.

20.04.2023
Аймақ

«Бүгін Қазақстанның басым бөлігі ауқымды антициклон ықпалында болатындықтан жауын-шашынсыз ауа райы болады. Тек республиканың батысында, солтүстік-батысында, қиыр шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жуады», — делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Республиканың басым бөлігінде тұман түседі, батысында, оңтүстігінде, шығысында жел күшейеді, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында шаңды дауыл, күндіз солтүстік-батыста найзағай болады.

Түнде Алматы облысының солтүстігінде, батысында, Қызылорда облысының солтүстігінде топырақ бетінде -2-3 градусқа дейін үсік жүреді. Жетісу облысының басым бөлігінде -2-7 градусқа дейін, Жамбыл облысының таулы аудандарында, Түркістан облысының солтүстігінде және таулы аудандарында -1-3 градусқа дейін суытады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады, кей уақытта тұман түседі. Жолда көктайғақ болады. Оңтүстіктен 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 13-15 аяз, күндіз 1-3 жылы болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел 0-5 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 11-13 жылы болады.

Шымкентте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Шығыстан соғатын жел 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 18-20 жылы болады.

Тегтер: Алматы облысыауа райыҚазгидрометүсік

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша көпшілік тыңдау өтеді

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: тексер

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz