Синоптиктердің мәліметінще, көшпелі бұлт пайда болғанымен, жауын-шашын күтілмейді.
Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр шамасында соғады. Түнгі уақытта ауа температурасы +15…+17 градусқа дейін төмендесе, күндізгі көрсеткіш +31…+33 градусқа жетеді.
Мамандар қала тұрғындары мен қонақтарына ыстық күннің әсерінен сақтанып, далада ұзақ уақыт болмауға кеңес береді.





