Синоптиктердің мәліметінше, Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында бүгін тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Осыған байланысты жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге сақтық шараларын қатаң сақтау ескертіледі.
Сондай-ақ 24 желтоқсанда түнгі және таңғы уақытта Алматы қаласы мен Қонаевта тұман болады. Мамандар ауа райының қолайсыздығына байланысты жол қозғалысы кезінде жылдамдықты төмендетіп, арақашықтықты сақтауға кеңес береді.





