Бүгін Алматы облысында ауа райы құбылмалы болмақ. Түнде оңтүстікте және таулы аудандарда қар жауады, ал күндіз қар аралас жаңбыр күтіледі. Таулы өңірлер мен облыстың оңтүстігінде тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с жетеді.
- Ауа температурасы:
- Түнде: 3-8° аяз, солтүстікте және таулы аудандарда 13-18° аяз
- Күндіз: 2° аяздан 3° жылыға дейін, солтүстікте және таулы аудандарда 6° аяз
- Қонаев: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кейде тұман түсіп, жолдар көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Түнде 6-8° аяз, күндіз 0-2° жылы.
Жетісу облысының таулы аймақтарында қар күтіледі. Кей жерлерде тұман түсіп, жолдар көктайғақ болады. Солтүстік-шығыс бағыттан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, облыстың шығысында 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
- Ауа температурасы:
- Түнде: 3-8° аяз, шығыста және таулы аймақтарда 12-17° аяз
- Күндіз: 3° аяздан 2° жылыға дейін, оңтүстікте 6° жылы, шығыста және таулы аудандарда 6° аяз
- Талдықорған: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-шығыс желі 2-7 м/с. Түнде 6-8° аяз, күндіз 1° аяздан 1° жылыға дейін.
Таңертең және күндіз таулы аудандарда аздаған қар жауады. Оңтүстікте, батыста және таулы аймақтарда тұман түседі. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 8-13 м/с болады.
- Ауа температурасы:
- Түнде: 1-6° аяз, солтүстікте және таулы аудандарда 9° аяз
- Күндіз: 3-8° жылы, солтүстікте 0°
- Түркістан: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, 5-10 м/с. Түнде 4-6° аяз, күндіз 5-7° жылы.
Түнде батыста, солтүстікте және шығыста аздаған қар жауады, ал күндіз батыста және оңтүстікте қар күтіледі. Кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-шығыс желі 9-14 м/с жылдамдықпен соғады.
- Ауа температурасы:
- Түнде: 11-16° аяз, оңтүстік-шығыста 21° аяз
- Күндіз: 3-8° аяз, оңтүстік-шығыста 11° аяз
- Орал: Ауыспалы бұлтты, түнде аздаған қар жауады. Тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-шығыс желі 5-10 м/с. Түнде 11-13° аяз, күндіз 4-6° аяз.
Облыс аумағында қар жауып, кей жерлерде боран соғады. Шығыста және оңтүстікте желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.
- Ауа температурасы:
- Түнде: 11-16° аяз, шығыста 21° аяз
- Күндіз: 3-8° аяз, шығыста 11° аяз
- Атырау: Бұлтты, қар жауады, боран соғуы мүмкін. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Түнде 13-15° аяз, күндіз 5-7° аяз.
Қостанай облысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Батыста және шығыста тұман түсуі мүмкін.
- Ауа температурасы:
- Түнде: 16-21° аяз, оңтүстікте 12° аяз
- Күндіз: 5-10° аяз
- Қостанай: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 7-12 м/с. Түнде 17-19° аяз, күндіз 6-8° аяз.
Түнде солтүстікте және шығыста аздаған қар жауады. Кей жерлерде бұрқасын болады.
- Ауа температурасы:
- Түнде: 11-16° аяз, оңтүстік-батыста 20° аяз
- Күндіз: 5-10° аяз
- Петропавл: Ауыспалы бұлтты, күндіз қар жауады. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Түнде 13-15° аяз, күндіз 5-7° аяз.
Облыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде тұман болуы мүмкін.
- Ауа температурасы:
- Түнде: 18-23° аяз, солтүстікте және шығыста 26° аяз
- Күндіз: 6-11° аяз, шығыста 14° аяз
- Қарағанды: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 5-10 м/с. Түнде 18-20° аяз, күндіз 7-9° аяз.





